24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДАН АСТАНАҒА ҚАРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕРУЕНІ ЖОЛ ТАРТТЫ

Сәрсенбі, 12 Қазан 2016 17:02

 

Оңтүстік Қазақстан облысынан 314 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін тиеген керуен Астанаға қарай жол тартты. Бұл өнімдер Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Астанада өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының күндеріне байланысты жәрмеңкеге шығарылмақ.

Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

Бұл –Оңтүстік өңірден солтүстікке қарай жөнелтіліп отырған алғашқы азық-түлік керуені емес. Бұған дейін де арзандатылған ауыл шаруашылығы өнімдері бірнеше мәрте жәрмеңкеде сатылып келді.

Осыдан 3 ай бұрын да Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері астаналықтарға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жіберген болатын. Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкеде 15%-дық төмен бағамен сатылып, астаналықтарды риза еткен-ді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

232 рет қаралды

Пікір жазу