"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ЖАСТАРЫ «МЕН ДОНОРМЫН» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Сәрсенбі, 12 Қазан 2016 17:06

 

2016 жылдың 11 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында «Мен Донормын!» акциясы өтті.

Акцияны Оңтүстік Қазақстан облысының  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, жастар бойында мейірімділік, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру. Негізгі міндет – қоғам тарапынан жауап алу және донорлар санын ұлғайту. 

 

 

ДОНОР болып саналатын жалғыз ғана қан көзі - ол дені сау адам. Көптеген ауруларға донор қанының қажеттілігінсіз өмір сүру мүмкін емес екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі жаңа қоғамда, адам өміріне қан құю әр үшінші адамға қажет. Донор қаны - біздің ұлттық жетістігіміз, мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Іс-шараға студент жас пен зиялы қауым өкілдері, Облыстық жастар  саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және еріктілер мектебінің мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері  қатысты. Жастар жылына кемінде үш рет осындай акциялар өткізіп тұрады.

Қан тапсырушы азаматтың дені сауі , салмағы кем дегенде 50 келіден асу қажет. Жұқпалы дертпен науқастанғандар қан өткізе алмайды. Бүгінгі шараға осы талаптарға сай келетін 200 жас қатысты. Олардың әрбірі арнайы қорға 350 грамнан өмір нәрін өткізді.

Өңірдегі ауруханаларда қанға күнделікті қажеттілік болып тұрады. Облыстық қан орталығы жылына 13 мың литр қан және оның компоненттерін жинақтауға мүмкіндігі бар. Дәл қазір мұнда 3 мың литр қор бар. Адам өмірі үшін қажет болған жағдайда барлық топтағы қан осы жерден табылады.

244 рет қаралды

Пікір жазу