"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛДА СЕЙСМОКҮШЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Сәрсенбі, 12 Қазан 2016 17:16

 

Жамбыл облысында 8 білім беру және бір денсаулық сақтау мен мәдени нысанында сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Бекболатұлы Такеев мәлімдеді.

Омар Бекболатұлының айтуынша, Жамбыл облысы 8 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Облыстың жалпы аумағының 22% сейсмоқауіпті аумақ болып саналып, ондағы 70 % халық болса, 85 % өндірістік потенциал сонымен қатар, негізгі транспорттық магистралдары орналасқан.

Облыс аумағында күші 7-8 балдық қиратқыш жер сілкінісіне Тараз қаласы және 8 ауылдық аудандары (Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай, Шу және Талас) ұшырауы мүмкін. Күштілігі 2-3 балдық жер сілкінісі жылына 2-5 рет қайталанады. Сонымен қатар, облыс аумағында күштілігі 7-8 балдық жер сілкінісі 1971 жылы Жамбыл және 2003 жылы Т.Рысқұлов аудандарында тіркелген.

Облыста 2011-2018 жылдары ғимараттар мен құрылымдарды сейсмотұрақтандыру бағдарламасы қабылданған. Аталған бағдарламада аса қауіпті денсаулық сақтау және білім беру нысандарын сейсмокүшейтуі қарастырылған.

2010 жылдан 2015 жыл аралығында облыс аумағында 55 тұрғын үй, 31 білім беру нысаны, 6 денсаулық сақтау нысаны, 15 мәдени нысан және 2 өндірістік ғимараттар сейсмокүшетілді.

Омар Бекболатұлының мәлімдеуінше, облыста 35 мектеп салынды, оның 27-і апатты мектептердің орны салынды (2 мектептің құрылысы 2016 жылдың соңына дейін аяқталады). Құрылыс жұмыстарында сейсмотұрақтылығы қарастырылып жүргізілуде.

Облыс аумағында жойқын жер сілкінісінен шығынды азайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «ҚазНИИСА» акционерлік қоғамының филиалы және басқа жобалық мекемелер бірлесіп, 2015 жылы 21 сейсмоқауіпті нысандарға зерделу жұмыстарын жүргізіп, олардың сейсмокүшейтуге жобалық құжаттары дайындалды.

Қазіргі таңда облыста 8 білім беру нысандарында және бір денсаулық сақтаумен мәдени (облыстық мұражай) нысандарында сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында 300-дей ғимараттар сейсмокүшейтуді талап етеді, оның ішінде 26 білім беру нысандары (19 мектеп, 5-балабақша, 2- колледж) және 6 денсаулық сақтау нысандары (6 аурухана).

233 рет қаралды

Пікір жазу