17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛУ 15 ҚАЗАНДА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 17:13

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ахаев Мақсат Кеңесханұлы мәлімдеді.
Тараз қаласы әкімінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 337 өкіміне сәйкес 15 қазаннан бастап қаланы жылу жүйелеріне қосу жұмыстары басталады. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер-1190, денсаулық сақтау нысандары-32, білім беру нысандары-123, әлеуметтік нысандар-12.

Бүгінгі күнге дейін «Жамбыл-жылу» МҚК-ның 15 әлеуметтік нысандары жылуға қосылған. Олардың ішінде денсаулық сақтау нысандары-12, білім беру нысандары-3.

2016 жылдың 13 қазанына дейін 743 көпқабатты тұрғын үй ыстық суға қосылған көрсеткіш бойынша 92% құрап отыр. Жоспар бойынша 804 үй қосылу керек. Оның ішінде «Жамбыл-жылу» және «Теміржол жылу» нысандары-100%  пайыз қосылған, - деп хабарлады Мақсат Кеңесханұлы.
Сонымен қатар, қала әкімі орынбасары Тараз қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне 1187 тұрғын үйлер қосылғанын жеткізді.

Тараз қаласындағы жылу өндіруші және жылу жеткізуші мекемелер: «Таразэнергоорталық» АҚ, «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, «Теміржол-Жылу» МКК, «ЖГРЭС» АҚ, «София» ЖШС.
Жалпы қалада 247,473 км жылу жүйелері бар, оның ішінде: магистралдық жүйелер - 72,450 км, ішкі кварталдық жүйелер - 175,023 км.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1187 тұрғын үйлер қосылған, оның ішінде: «Таразэнергоорталық» АҚ - 859, «Жамбыл-Жылу» МКК - 165, «Теміржол-Жылу» МКК - 98, «ЖГРЭС» АҚ - 55, «София» ЖШС - 10.

Бүгінгі таңда жалпы 1190 көп пәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын және дайындық жөніндегі паспорттары әзірленіп 100 % дайын.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту-2020» бағдарламасы аясында қайтарым қаражат есебінен 232,6 млн.теңгеге 22 үйдің инженерлік тарату жүйелері ағымды жөндеуден өтті.

Бүгінгі таңда жалпы 743 көп пәтерлі тұрғын үй ыстық су жүйесіне қосылды.
1. «Таразтрансэнерго» МКК - 456 (65 %),.
2. «Жамбыл-Жылу» МКК - 84 үй (100 %).
3. «Теміржол-Жылу» МКК - 19 үй (100 %).
Отын-энергетика кешені нысандары:
Жылу тасымалдаушы мекеме - «Таразтрансэнерго» МКК.

Ағымдағы жылы 2,616 км жылу жүйелері ауыстырылды. Инвестициялық бағдарлама бойынша кәсіпорын өз қаражаты есебінен 45 775,36 мың теңгеге ТК-135 және ТК-117 жылу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізді.

«Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3 563 217,3 мың теңгеге Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелеріндегі М-5 жылу магистралын, Б. Момышұлы, Сейфуллин көшелеріндегі М-8 жылу магистралын және Сүлейменов көшесіндегі ТК-225 ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жылу жүйелері орналасқан лотоктың жалпы ұзындығы - 6,723 км.
Жылу жүйесі - екі құбырлы (подача/обратка), жылу құбырларының ұзындығы - 13,446 км.
23.09.2016 жылғы жағдай бойынша:

Игерілген қаржы - 2 867 264,0 мың теңге, 80,4 %.
Жер қазу жұмыстары - 6,365 км, 94,6 %.
Жылу құбырларын демонтаждау - 11,510 км, 85,6 %.
Жылу құбырларын монтаждау - 10,422 км, 77,5 %.
Көше жолдарының асфальт жабындарын қалпына келтіру - 0 %.

"Тараз қаласы бойынша жылу және ыстық су қызметтеріне қалыптасқан дебиторлық қарыз берешегінің жалпы соммасы 98,498 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: тұрғындар қарызы - 91,300 млн. теңгені құрайды" деп, - хабарлады Мақсат Кеңесханұлы.

1311 рет қаралды

Пікір жазу