"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ӘКІМІ ДЕПУТТАРМЕН БІРГЕ «ЗЕНЧЕНКО ЖӘНЕ К» ӨНДІРІСІН КӨРДІ

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 17:38

 

Өңір басшысы Даниал Ахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысы делегаттар тобы Қызылжар ауданының Новоникольское селосында орналасқан «Зенченко және К» КС-на барды. Ең алдымен қонақтар мұндағы әлеуметтік ғимараттармен, құрылысын кәсіпорын қаржыландырған хоккей корты мен ауыл клубымен танысты. Жыл соңына дейін мұнда амбулатория ашу жоспарланған, бұдан бөлек елді мекенде алдағы уақытта бассейн де салынбақ. 

«Үлкен көлемдегі қолдау нысандарды, біз өндірген өнімді субсидиялау, әрине, мемлекет тарапынан көрсетілуде. Мұның барлығы компанияның қаражаты есебінен салынып жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы елді мекен тұрғындарының бұл жерде ыңғайлы өмір сүруі үшін жасалған», - деді «Зенченко және К» КС өндіріс директорының орынбасары Иван Зенченко. 

 

 

Айта кету керек, командиттік серіктестікте барлығы 750 адам еңбек етеді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі бизнес пен мемлекет ынтымақстастығының осындай үлгісі басқа да мекемелерге үлгі болатынын атап өтті.

Әрі қарай қонақтар мал шаруашылығы кешенімен танысты. Мұнда 7214 бас ірі қара бар. Олардың 2613-і жемделсе, 784-і сауынды сиыр және 254 басы бұзау. «Карусель» германдық сауын қондырғысы күніне 1,5 мың бас сиырды саууға және 20 литрден астам сүт алуға мүмкіндік береді.

Серіктестіктің барлық өнімі сүт және қышқыл сүт өнімінің 40 түрін өндіретін сүт зауытында өңделеді және Қазақстанның барлық өңіріне тасымалданады.
Шаруашылықта мұндай базаның екеуі бар. Әрқайсысының құрылысы қондырғыны қоса есептегенде 75 млн. теңгені құраған. Даниал Ахметов бұл тәжірибені солтүстікқазақстандық әріптестерден үйрену керектігін атап өтті.

Біздің өңірде 400 басқа арналған сүт фермасы 400, ал мұнда болса 75 миллионға салынады. Біз мұнда бұның себебін түсіну үшін келдік. Осыған орай мен ШҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына: «Неге ойланып, бұл тәжірибені қабылдамасқа?», - деп сұрақ қойғым келеді», - деді Даниал Ахметов.

Жұмыс сапары барысында қонақтар кәсіпорындағы жылқылар да көрсетілді. Мұнда сәйгүліктердің 300 басы болса, олардың үштен бірі асыл тұқымды.

254 рет қаралды

Пікір жазу