26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛДА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ 2017 ЖЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚШЫ

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 17:41

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Орынбаева Жанар Рымбекқызы айтып өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысына сәйкес колледж 2015-2017 жылдарға арналған «Кәсіпорындарда дуальдық оқытуды ұйымдастыру» халықаралық жобасына қатысып, дуальдық оқытудың германдық тәжірибесі негізінде электромеханик кәсібі бойынша өндірістік оқытудың тетіктерін дайындау және жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл политехникалық колледжі және «Казфосфат», «Жамбыл электр желілері», «Энерджи-Тараз», «Тараз Құрылыс Дизайн», «Жамбыл Гипс», «Тараз энерго орталығы», «Жамбыл ГРЭС» ЖШС кәсіпорындары арасында 4-жақты келісім-шарттар жасалды. Аталған өндіріс орындарында 4-курстың 24 студенті тәлімгерлердің көмегімен өндірістік оқытудан өткізілуде. Жобаны табысты аяқтау кәсіпорындармен бірлесе өндірістік оқыту жүйесін құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде түлектерге қорытынды аттестаттаудан кейін 2017 жылдың маусым айында Германия мемлекетінің Трир қаласының Кәсіптік палатасының дипломы тапсырылады.

Дуальдік оқыту жүйесі кәсіби білім берудің негізгі мәселесі – түлектердің жұмысқа орналасуын шешуге мүмкіндік береді.


2014 жылы 7 мамандық бойынша дуальдік оқыту бойынша колледжді бітірген 169 түлектің 135-і (80%), 2015 жылы 268 түлектің 238-і (88%), 2016 жылы 193 түлектің 60-ы (31%) жұмыспен қамтылды .Қазақстан Республикасында білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған басым бағыттарының бірі кадрлар дайындауды үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы басымдықтарымен байланыстыру болып табылады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 77-ші қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж және 10 жоғарғы оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленді, - деді спикер.
Жамбыл политехникалық колледжі республикамыздың 820 техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердің арасынан іріктеліп, «Кәсіпқор» Холдингінің серіктес колледждер желісінің он іргелі оқу орындарының қатарына еніп, алдағы жылдарда Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бес жылдығы мемлекеттік бағдарламалары бойынша жобаларды жүзеге асыру аясында өңірдің басым салалары үшін білікті мамандарды кәсіпорындарға даярлауға кірісті.

Өңіріміздің басым салалары химиялық кластер кәсіпорындарына қажетті «Химиялық технология және өндіріс», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу үрдісі австралиялық және германдық модульдік бағдарлама негізінде жүргізіліп, жаңа білім беру моделі енгізілді және техникалық кадрлар даярлаудың жаңа инфрақұрылымы қалыптасатын болады. Аталған бағдарламаларды дуальді оқыту барысында қолдану кең бейінді мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде түлектердің жұмыспен қамтылуын тезірек қамтамасыз етеді. Дуальды оқыту негізінде мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында басымдықтар берілуде.

Спикердің мәлімдеуінше, 2016-2017оқу жылы 175 студент мемлекеттік тапсырыс негізінде дуальды оқыту бойынша қабылданды.

Жаңа оқу жылында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Химиялық технология және өндіріс», «Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау - өлшеуіш аспаптары және автоматикасы», «Электрлік және электромеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану», «Автоматтандыру және басқару», «Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» 7 мамандық бойынша білім беру қызметтері толығымен дуальды оқыту моделімен жүргізілуде.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі - кәсіптік техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Іс жүзінде, дуальды модель - бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі.

Бүгінгі таңда әлеуметтік серіктестік болашақ маманның ертеңгі тұрақты жұмыс орны екенін үнемі есте ұстауымыз керек. Осы талап білім беру ұйымына теорияны практикамен ұштастырудың ең жетілген тетігі – дуальды жүйеге енуді міндеттейді. Алдағы 2016-2017 оқу жылында «Колледж – студент – кәсіпорын» арасында үш жақты шарт жасалды. Нәтижесінде:

- маман дайындаудың дуальды жүйесі дәстүрлі оқыту әдістеріндегі кемшіліктерді, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды;

- студент өзінің ертеңгі жұмыс орнын көреді, оған ие болу мүмкіндігін сезінеді;

- ол бәсекеге қабілетті болса ғана кәсіби маман ретінде бағаланып, лайықты табысқа қол жеткізе алатынын түсінеді, - деп сөзін түйіндеді Жанар Рымбекқызы.

Ж.Орынбаеваның айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуды, оның ішінде таяудағы 2-3 жылда дуальдік техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігін атап көрсеткен болатын.

Осы мақсатта отандық өндірістерге қажетті білікті мамандар даярлаумен айналысатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың дуальды жүйесі енгізілуде.

Жамбыл политехникалық колледжі 2008 жылдан бастап халықаралық жобаларды жүзеге асыру барысында едәуір тәжірибе жинақтаған оқу орны.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша 48 оқытушы шетелдерде - Германия, Сингапур, Финляндия, Туркия, Франция, Беларусия мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырды. Алғашқы жылдары техникалық мамандықтарға дуальды оқытудың элементтері ғана енгізілсе, ал 2012-2013 оқу жылынан бастап

«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Химиялық технология және өндіріс», «Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау - өлшеуіш аспаптары және автоматикасы», «Электрлік және электромеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»,

«Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану» мамандықтары бойынша білім беру қызметтері толығымен дуальды оқыту моделімен жүргізілуде, - деп мәлімдеді спикер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы» 2014 жылғы 15-ші қазандағы №1093-ші Қаулысы негізінде «Қазфосфат» және «Энерджи Тараз» кәсіпорындарында өндірістік алаңдар ашылды. Аталған мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарлары жұмыс берушілермен келісіліп, ҚР МЖМБС негізінде дуальды оқыту жүйесінің талаптарына сәйкестендіріліп, теория 40 пайызды, ал тәжірибе 60 пайызды құрады. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.

Спикердің мәлімдеуінше, бүгінгі күні оқу орны дуальды оқыту моделін енгізуде өңірдегі «Казфосфат» ЖШС, «ТаразПассТранс» ЖШС, «Жамбыл электр желілері» ЖШС, «ТаразЭнерджи» ЖШС, «Тараз механикалық зауыты» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Құрылыс полимер» ЖШС, «Тараз-Су» МКК, «Фабрика-ПОШ» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, «ТаразЭнергоЦентр» секілді 25 кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік жөнінде келісім-шарттар жасап, білім алушылардың тәжірибесін бірлесе ұйымдастырып келеді. Өндірістік практикадан өту барысында «Жамбыл Гипс» АҚ 4 ЭМО-13-2 тобының студенттері Е.Енотов, В.Корпенко (90 мың теңге), 3КИП-13-1 тобының студенті Қ Джанабаевқа(55 мың теңге) және «Құрылыс Полимер» ЖШС4КИП-12-4 тобының студенті С.Сабутинге (70 мың теңге) жұмыс орындарын бере отырып, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындағаны үшін өтемақы төлемі жүргізілуде.

206 рет қаралды

Пікір жазу