"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ДЕНСАУЛЫҚ» ЖЫЛЖЫМАЛЫ БЕКЕТІ – ОТЫРАРДА

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 18:43

 

«Денсаулық» жылжымалы медициналық бекеті Отырар ауданына келіп жетті. Облыстың білікті дәрігерлерінен құралған топ отырарлықтарды профилактикалық тексеруден өткізеді. Жергілікті тұрғындарды облыс орталығына сабылтпай, нақты диагнозын анықтау үшін осы жерде дәрігерлік көмек көрсетілді. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңындағы игілікті істен жергілікті тұрғындарға үлкен медициналық жәрдем жасалуда.

Отырар - шағын аудан болғанымен, халқының саны басым. Дәрігерлер жергілікті емханаларда тіркеуде тұрған тұрғындардың денсаулығынан кінәрат байқаса, облыс орталығына жіберетін-ді. Енді міне, диагностикалық тексеруден тегін әрі ыңғайлы  өтудің мүмкіндігі туып отыр.

Рыскелді Әліш, Отырар ауданы әкімінің орынбасары

Облыс орталығына сабылмай, осы жерден тексеруден өтіп жатыр. Біздің жергілікті жердегі медицина саласының мамандары оларға барынша көмек беріп отыр. Біз халыққа Тәуелсіздіктің лебін сездіргіміз келеді. Сондықтан да дәл осы сияқты 303 іс-шараны қолға алғанбыз. Бұл соның бірі. Халық дән риза.

Игілікті іске жергілікті тұрғындар разы. Олар бұл қызмет аясында ауру-сырқауының сырын біліп, емделудің жолы танығандарына қуанды. Білікті мамандардан құралған топтың кәсібилігіне, медициналық жабдықтардың мүмкіндіктеріне тәнті болғандарын айтады.

Құлман Нұрбетов, Отырар ауданының тұрғыны
Үлкен  демей, кіші демей бәрін тексеріп жатыр. Мынау халық та ризашылығын білдіріп жатыр. Жүре алмайтын науқастардың үйлеріне барып тексеріп, сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңестерін беріп жатыр. Бұл өте дұрыс болды.

5 дәрігер мен 10-ға жуық медбикеден тұратын топ отырарлықтарға 3 күн бойы қызмет ететін болады. Ол үшін бұдан кейінгі бағыт Шардара, Сарыағаш аудандары болмақ.

307 рет қаралды

Пікір жазу