"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА 25 ЖЫЛ ІШІНДЕ АУҚЫМДЫ ІСТЕР ЕҢСЕРІЛДІ

Жұма, 14 Қазан 2016 06:47

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, "Ширек ғасыр шежіресі" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы мәлімдеме жасады.

 

 

Мұратхан Жүнісәліұлының айтуынша, ғасырлар бойына аңсай күткен Тәуелсіздігіміз келгенде, меніңше, толқымаған, тебіренбеген, көзіне жас алмаған қазақ баласы болмаған шығар деп ойлаймын. Уақыт деген жүйрік тұлпарға не дауа?! Кеше ғана алған Тәуелсіздігімізге, мінеки, 25 жыл. Ширек ғасырға жуық уақыттың биігінен өткеннің еншісіне көз жүгіртсек, адам айтса нанғысыз таңғажайып ұлы оқиғалар, жағдайлар, құбылыстар, жаңалықтар өткенін мойындап, еріксіз таңданасың. 25 жылға шегініп, сол кездегі уақыт мінберінен келешекке қарап, «осындай оқиғалар болады» деп кім айтса да нанбас едік.

Осы уақыт аралығында еліміздің ішкі дамуына өңірлердің қосқан үлесі орасан болды. Оның ішінде, ауданымыздың да жеткен жетістігі мен дамуында ауыз толтырып айтарлық көрсеткіштер баршылық. 25 жыл ішінде әлеуметтік сала бойынша Байзақ ауданында көптеген мәселелер шешімін тауып, ауқымды іс еңсерілгеніне халық куә. Ендеше, тәуелсіздік жылдары ауданымызда шешімін тапқан мәселелердің ең негізгілеріне тоқталсам.

Байзақ ауданы аумағы 4,6 мың шаршы шақырымды немесе Жамбыл облысы аумағының 3,1%-ын, республика аумағының 1,2%-ын құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батысы мен шығысы жағынан Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарымен шекаралас аудан саналады. Аудан құрылымында 18 ауылдық округ бар. Әкімшілік орталығы – Сарыкемер ауылы.

Соңғы жылдары экономиканың барлық салаларында өнім өндірудің өсіміне қол жеткізілді. 1991 жылы шаруашылықтың барлық санаттарында 7911 тонна ет өндірілсе, үстіміздегі жылдың тиісті кезеңіне 9739,3 тонна ет өндіріледі деп күтілуде немесе 123,1%-ды, сүт 1991 жылы – 14,1 мың тоннаны құраса, 2016 жылы 44,2 мың тоннаны – 3,1 есе өскен, жұмыртқа – 21,7 млн. дана болса, ағымдағы жылы 56,2 млн. дана 2,5 есеге өсіп отыр.

- Мүйізді ірі қара саны 1991 жылы 32 437 басты құраса, бүгінгі таңда 33 702 басты құрап, 3,8 пайызға жетті;

- Шошқа саны – 1991 жылы 936 басты құраса, 2016 жылы 1 385 басты құрап, 47,9 пайызға;

- Жылқы саны 8 927 бас болса, 2016 жылы 9 931 басты құрап, 11,2 пайызға;

- Түйе саны 231 бас болса, 2016 жылы 784 басты құрап, 3,4 есеге;

- Қой 165,1 мың бас болса, үстіміздегі жылы 187,1 мың басты құрап, 13,3 пайызға өсіп отыр.

Аудан бойынша 1991 жылы шаруа қожалықтар тіркелгені саны 44 болса, 2016 жылы 2 773 немесе 63 есеге көбейді, - деп хабарлады Мұратхан Жүнісәліұлы.

 

АУДАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ДА ЖАҚСАРҒАН

 

Спикердің айтуынша, 1990-1995 жылдары ауданда 9 дәрігерлік амбулатория, 36 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істесе, бүгінгі күнде 17 дәрігерлік амбулатория мен 6 фельдшерлік акушерлік пункт және 18 медициналық пункт жұмыс істейді.


Аудандық емхана мен дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі емханалар 62 төсекке ашылса, қазіргі кезде күндізгі төсектердің саны 71 төсекке жетті. 1991 жылдары аудандық аурухана бюджеті 2 млн. 410 мың теңгені құраса, бүгінгі күнге бюджет көлемі 1 733 604 млн. теңгені құрап отыр.

1991 жылдары емдеу мекемелерінің бірде-бірі компьютермен жабдықталмаған болса, бүгінгі күнде аурухана және оның құрамындағы амбулаторияларда интернет желісіне қосылған 172 компьютер бар. 1991 жылдары аудан орталығында 1 жедел жәрдем бөлімшесі, құрамында 1 фельдшерлік бригада жұмыс істейтін болса, бүгінгі күнде 5 жедел жәрдем бөлімшесі, 7 фельдшерлік бригада ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Жедел жәрдем бөлімшелерінің фельдшелері 1991-1992 жылдары 3 780 шақыруларға медициналық қызмет көрсетсе, 2015-2016 жылдары 19 591 шақыруға дейін медициналық қызмет көрсетті.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында аудан аумағында біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда Талас, Аққия, Көкөзек медициналық пунктері, Жаңатұрмыс, Ақжар, Көктал дәрігерлік амбулаториялары, аудандық туберкулез қарсы ауруханасы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Бурыл ауылында 40 қабылдауға арналған ауылдық емхана құрылысы аяқталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазан айында ашылуы жоспарлануда.

2000 - 2016 жылдары жаңа заманауи құрал-жабдықтар: фиброгастроскоп, ультрадыбыстық аппарат, тредмил-велоэргометр, электро-энцефалограф, 12 каналды ЭКГ аппараттар мен флюорографиялық аппараттар халыққа қызмет көрсетіп отыр, - деп мәлімдеді Мұратхан Шүкеев.

264 рет қаралды

Пікір жазу