14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА 6 ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Жұма, 14 Қазан 2016 06:51

 

 

Байзақ ауданында 2011 жылдан бастап «Сыбаға», 2014 жылы «Құлан»,  2015 жылы «Алтын асық» бағдарламалары жүзеге асырылып, нәтижесінде аудандағы бірнеше шаруа қожалықтар несиеге қол жеткізіп, мал басын көбейтіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы мәлімдеме жасады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге барлығы 43 ш/қ, жалпы сомасы 450,0 млн теңгеге, 2559 бас сатып алынды.

 

Атап айтатын болсақ:

- 2011 жылы 10 ш/қ, жалпы сомасы 97,1 млн.теңге, 531  бас;

- 2012 жылы 11 ш/қ, жалпы сомасы 82,2 млн. теңге, 417 бас;

- 2013 жылы 5 ш/қ , жалпы сомасы 94,4 млн. теңге, 546 бас;

- 2014 жылы 7 ш/қ, жалпы сомасы 85,4 млн. теңге, 512 бас;

- 2015 жылы 5 ш/қ, жалпы сомасы 52,2 млн. теңге, 324 бас;

- 2016 жылы бүгінгі күнге 5 ш/қ, жалпы сомасы 38,7 млн. теңге несие алып,  229 бас сатып алған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге барлығы 14 ш/қ, жалпы сомасы 99,6 млн тенгеге, 471 бас сатып алынды.
Атап айтатын болсақ:

- 2015 жылы 9 ш/қ, жалпы сомасы 65,7 млн. теңге, 256 бас;

- 2016 жылы бүгінгі күнге 5 ш/қ, жалпы сомасы 33,9 млн. теңге несие алып,  215 бас сатып алған.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге барлығы 17 ш/қ, жалпы сомасы 137,8 млн тенгеге, 5323  бас сатып алынды.

Атап айтатын болсақ:

- 2015 жылы 7 ш/қ, жалпы сомасы 61,0 млн. теңге, 2401 бас;

- 2016 жылы бүгінгі күнге 10 ш/қ, жалпы сомасы 76,8 млн. теңге несие алып,  2922 бас сатып алған.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда аудан бойынша 6 жылыжай (оның 2 өнеркәсіптік және 4 фермерлік үлгіде) жұмыс істеуде. Бұл жылыжайлардың жалпы көлемі 5,138 гектарды құрайды. Үстіміздегі жылы аудандағы жылы жайларда қысқы-көктемгі І-ші кезеңге:

- «Манат» шаруа қожалығы - 1,0 гектар қияр, - «Талап» шаруа қожалығы - 2,5 гектар қияр, - «Серік» шаруа қожалығы - 0,60 гектар қияр, - Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті - 0,05 гектар қызанақ, 0,05 гектар қияр, - «Ұлан» шаруа қожалығы - 0,57 гектарға қырыққабат егіп, өнімдерін жинады. Бүгінгі күнге жылыжайлардан жиналған өнім көлемі 337,5 тоннаны құрады.

2016 жылы бұл көлемді тағы 100-150 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Атап айтқанда, «Байжанова Н.» шаруа қожалығы - 15 гектар алқапқа, «Ақжол-7» шаруа қожалығы 25 гектар алқапқа пияз, «Талап» шаруа қожалығы былтырғы тамшылатып суарған алқаптарына қосымша 50 гектар қосып, қант қызылшасын екті.

Статистика мәліметтері бойынша ауданда демографиялық және көші-қоны жағдайы төмендегідей:

1991 жылдың 1 қаңтарына ауданымызда барлығы  54 928 адам, 1999 жылы 68 796 адам болса, үстіміздегі жылы халық саны 99 827 адамды құрап, 1991 жылмен салыстырғанда 45,1 пайызға өсті.

2001 жылы ауданда 43 ауылды елді мекеннің 5 ауылы сумен қамтамасыз етілсе, 2016 жылы 15 ауыл қамтылып отыр. Жыл аяғына дейін Мырзатай ауылдық округіндегі Дихан ауылындағы су құбырының ашылуы жоспарлануда.
1991 жылы ауданда газбен қамтылған елді мекендердің саны 6 ауыл болса, 2016 жылы 22 ауылға жетті, - деп түйіндеме жасады аудан басшысы М.Шүкеев.

294 рет қаралды

Пікір жазу