15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ХАЛҚЫ 1 МИЛЛИОНҒА ӨСТІ

Жұма, 14 Қазан 2016 07:44

 

Тәуелсіздік жылдары оңтүстіктің халық саны 1 млн-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мәлім етті. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы егемендік алған жылдардан бері қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.

Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс  халқының саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаңа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. Нәтижесінде 117 апатты білім ошағының мәселесі шешілді. Сондай-ақ, биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілген. Брифингте спикер, ширек ғасырда облыста  8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өскенін айтты. Оңтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау мақсатында жыл көлемінде 5 мыңға жуық іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар, баспасөз жиынында 8 айда атқарылған жұмыстарға тоқталған Ұласбек Сәдібеков индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімнің құны 65,9 млрд.теңгені құрап, жобалардың 90 пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын игергенін жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы халық саны жыл сайын өсіп келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы өсім Қазақстан бойынша да жақсы көрсеткішке жетті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

915 рет қаралды

Пікір жазу