"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ӘН - ШАШУЫМ ӨЗІҢЕ, МЕРЕЙЛІ АСТАНАМ!» ...

Жексенбі, 16 Қазан 2016 09:24

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы екінші күні «Нұрын шашқан  - Оңтүстік» фотокөрмесі мен жалғасын тауып, «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің Гала-концертімен қорытындыланды.

Елордадағы Конгресс холда ұйымдастырылған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, Астана қаласының қонақтары мен жұртшылығының назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.

Аталған көрмеге Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстік Қазақстан облысына келуіндегі маңызды іс-сапарлары мен өркендеген оңтүстік тынысынан көрініс тапқан қаламыздың көркем жерлері бейнеленген  50-ден астам фото суреттер қойылған.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» атты өнер шеберлерінің Гала-концертіне қатысты.

Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте   300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздің өнерін ұсынды. Елорда төрінде «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйі» орындалып, мың бұралған бишілеріміз  өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл жолғы оңтүстікқазақстандықтардың сый-тартуы елордалықтарды бір серпілтіп тастады.

Оңтүстік аймақтың мол өнімі мен керемет шеберлер қолынан шыққан туындылар, рухани азықтар қазақтың қаймағы бұзылмаған өңірінен жетті. Жұрт риза. Қала қонақтары да шырайлы оңтүстікке барып қайтқандай әсер алғандарын жасырмады.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

350 рет қаралды

Пікір жазу