25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дүйсенбі, 17 Қазан 2016 09:27

 

 

Бүгін ОҚО дін істері басқармасының ұйымдастырумен Шымкент қаласы, жоғары жаңа технологиялар колледжінің стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «18 қазан - Рухани келісім күніне» орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар жетекшілері мен өкілдері арасында кіші футболдан турнир өтті. 

Турнирге 6 команда қатысты. 

 

 

Олар:

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мешіті командасы.
2. Православиелік конфессиясының «Дружба» командасы.
3. Католиктік конфессиясының «Святой Николай» командасы.
4. Пресвитериан конфессиясының «Титан» командасы.
5. Елуіншілер конфессиясының «Қуаныш» командасы.
6. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Сұңқар» командасы.

Қатысушыларды облыстық дін істері басқармасының басшысы Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев мерекемен және турнирдың ашылуымен құттықтады.

Бұдан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Александр Могилевский сөз сөйледі.

Ниет білдірген қатысушыларға теннис, шахмат, шашки ойындары да ұйымдастырылды.

Бірінші орынды - Православиелік конфессиясының «Дружба» командасы.
Екінші орынды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мешіті командасы.
Үшінші орынды - Католиктік конфессиясының «Святой Николай» командасы.

Турнирдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

198 рет қаралды

Пікір жазу