14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САУАТТЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ – ЕЛ ДАМУЫНА СЕРПІН

Сенбі, 15 Қазан 2016 12:21

 

Түскейдің салықтық түсімі мен жергілікті бюджетін бағамдау мақсатында Шымкентке келген мәжілісмендер Кедендік рәсімдеу орталығы мен индустриалды аймақта болды. Өндірістік жұмыс орындарымен танысып, ондағы істің аяқалысын бағамдады. Парламент мәжілісінің депутаттары мен мемлекеттік кірістер комитетінің мүшелері бұл сапарда халықтың әлеуметтік мәселесін шешудің оңтайлы жолдарын қарастыруда.

Біздің елдің әр өңірі әр түрлі салаға бейім. Мәселен, оңтүстік аймақ -  шекарасы бірнеше мемлекетпен шектескен, кәсіпкерлігі мейлінше жетілген жер. Бұл облыстардың қаржы потенциалын өзге өңірлермен тепе-тең дәрежеде ұстау – өзекті мәселе. Мәжілісмендердің  діттегені осыған саяды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
Әр өңірлердегі тепе-теңдікті дамытуды көздейміз біз. Жер қойнауынан тапқан қаржыны тең бөле отырып, халықтың әлеуметтік мәселесін шешу. Өңірдің өзіндік потенциалы мен салық жүйесін жетілдіру, салық базасын көбейту мәселелерін көтеріп отырмыз.

Салық жүйесін жетілдіру арқылы бюджет кірісін молайтудың оңтайлы жолы қайсы? Жергілікті өкілетті органдар мен әкімдердің бұл істе жауапкершілігін арттыру... Мәжілісмендер мән берген мәселелер осы. Біздің елде шикізаттың экспорттық потенциалына тәуелділікті жойып, қосымша салық базасын нығайтудың тиімді тетігі қолға алынған. Ол - индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Бүгінде жобаның екінші кезеңі жүріп жатыр. Шара аясында 770-тен астам өнеркәсіп орны ашылды. 80 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа тартылды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Біздің алдымызда тұрған үлкен мәселе – болашақта біз шикізаттан кетіп, қосымша тауар өндіріп, шикізатқа тәуелділікті жою болып табылады. Салық жүйесін жетілдіру арқылы біз көптеген мәселелерді шешеміз.

Кедендік рәсімдеу кезіндегі уақытты үнемдеу де күн тәртібінен түскен емес. Мамандар сөзіне сүйенсек, сыртқы экономикалық байланысқа қатысушы кәсіпкерлердің 97 пайызы брокер, яғни, арадағы делдалдың қызметін пайдаланады. Бұл кәсіпкерлердің тауарды кедендік рәсімдеуден өткізу барысында артық шығындалуына алып келеді. Сондықтан қазір бұл салаға электронды декларациялау, біртұтас жеке шот, тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіліп отыр.

Ержан Міржанов, орталық аппарат кірістер комитеті департаментінің директоры

Брокерлер 97 пайызға дейін жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы: бұрын әр бөлімге барып, жұмысты жүргізу осы брокерлерге тиесілі болатын. Енді біз қазір осы жұмыстарыды жүйелеп жатырмыз.Олай дейтініміз, уақытты үнемдеу керек. 1-тамыздан бастап, бізде жаңа жүйелер қалыптасып жатыр.

Мемлекеттік талдау көрсеткендей, әкімшілендірудің жетілген күшінің арқасында кеден саласы мен салық жүйесінен түсетін түсім ұлғайған. Есептік мерзімдегі салық мөлшерін өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Оңтүстіктегі сапары кезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары индустриалды аймақтың жұмысымен танысты. Қазір мұнда 41 өндіріс орны іске қосылған. Нәтижесінде 6 300-ден астам жан тұрақты жұмыспен қамтылды.

Келешекте тағы 42 инвестициялық жоба ашылмақ. Қосымша салық базасының экономиканың өрлеп, әлеумет әлеуетінің жақсаруына тигізер септігі мол.

264 рет қаралды

Пікір жазу