17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ТАЙСАЛМАҒАН ТАЙМАНОВ

Жексенбі, 16 Қазан 2016 13:10

 

Әдебиет әлеміне әуестік барда әлем – әдемі. Ал, әдемілік әлбетте әлемді құтқарады. Ширек ғасыр бұрын бодандық бұғауы, отаршылдық озбырынан құтылған жұртымыз бүгінде өшкені жанып, өлгені тірілгеніне разы. Қайратын қаламына буған қаламгерлерін түгендеп, тәуелсіз ойдың иесі болғанына қуанышты. Жырсүйер жамағат бүгін тағы бір ұлын ұлықтады. «Боралдайдан жыр боп ұшқан бозторғай» Орынбай Таймановты еске алды.

Бұл басқосу Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында оңтүстіктің перзенті, айтыскер ақын Орынбай Тайманұлының туылғанына 150 жыл толуына арналды. Мақсат - ұлы далаға ұлық өнерімен еңбек еткен Орынбай ақынның шығармашылығына шолу жасап, жас оқырмандарға таныстыру.
Құрманғали Оразбаев, М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытуысы

Біздің қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы айтыскер ақыны О.Тайманұлының шығармашылығы өте зерттелмей жатқан тақырып. Міне, сол шығармашылықты зерттеудің алғашқы биыл 150 жылдық мерейтойдың бастамасы ретінде осы мерейтойдың атап өтудің бір маңызы боп тұр.
Іс-шараға «Әділет» газетінің бас редакторы, жазушы Захардин Қыстаубаев, ақын Қабылбек Төретайұлы, жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы қатысты.

Кеште студенттер Орынбай Таймановтың шығармаларын оқып, жас ақындар арнау айтты. 
Нышан Төлегенов, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның  дәстүрлі әншісі

1943 жылы Алматыда жазушылар үйінде Республикалық ақындар айтысы өткен. Соның арнайы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген кино хроникасы бар. Сонда Жамбыл атамыз сол айтыстың ішінде өнеріне риза болып, қосымша Тау құдірет деп екінші есім беріпті.

Кеш барысында ақын-жазушылар өзара пікір алмасып, әсерлі әңгіме құрды. Жыр жаттаған, ақырындап, өлең деп, сөз жұптаған жастарға бұл ақын шығармаларымен танысып, әдеби дәріс тыңдауға мүмкіндік берді.

401 рет қаралды

Пікір жазу