"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСТАР ТОҚЫМА ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА МҮДДЕЛІ

Дүйсенбі, 17 Қазан 2016 13:22

 

 

Нарықтық экономикамыздың басым бағыты - кәсіпкерлікті дамыту. Өңірімізде сол себептен де тоқыма өндірісі кеңінен қанат жаюда. Мемлекеттік маңызы бар іске жастар да қызу қолдау көрсетіп отыр. Бүгін оңтүстік облыстың бір топ студенті тоқыма ісімен айналысатын кәсіпорындарға сапар шекті. Сол арқылы кәсіптік білім алушылар отандық өндірісті өркендетуге алғашқы қадамын жасады.

Бұл - «Балтекстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылды. Өндірістік қуаты жылына 8 мың тонна кілем тоқуға жетеді. Мұнда 450 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.  Жұмысшылардың 60 пайыздан астамы –жастар.

Бүгін фабриканың жұмысымен танысуға 50-ден аса жас келді. Солардың бірі Сымбат №5 колледжде оқиды. Мамандығы-тоқымашы. Болашақ жұмыс орнын әзірден таңдап жүр. Себебі, Оңтүстік еркін экономикалық аймағында бұдан өзге бірнеше кәсіпорын бар. Қайсысында қандай мүмкіндіктер қарастырылған, соны саралауда.

Өндіріс орындарының жұмысымен танысып шыққан жастар өздеріне қажетті мәлімет алды. Мұндай шаралар жастардың техникалық мамандықтарды таңдауға және өз кәсібін ашуға қызығушылығын арттырары сөзсіз. Еңбектенуден қашпайтын, жігерлі жастарды мұндай мамандықтарға баулу ісі облыста оң нәтиже берері сөзсіз. Себебі елімізде жеңіл өнеркәсіпті қайта жандандыруға Үкімет бағдарламасы бойынша да көңіл бөліне бастады.

289 рет қаралды

Пікір жазу