26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨЛЕБИДЕ 480 ПӘТЕРЛІ 8 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРМЕК

Дүйсенбі, 17 Қазан 2016 14:34

 

Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 шағын ауданында «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды.

Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда.

Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары  жүргізілуде.

Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы – қазақстандықтарды, соның ішінде жас отбасыларды жаңа, қолжетімді және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бірегей мемлекеттік бағдарлама. Мемлекет жаңа үйлердің құрылысына қаражат бөледі, осы бағдарлама бойынша жаңа әрі жақсартылған пәтер беріледі.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етілетіні белгілі:

1) елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобалары мен
құрылыс салу қағидаларына сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу;

2) құрылыс салу жоспарланған учаскелерге мақсатты түрде жылумен, сумен, газбен
және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды
(кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды жеткізу;

3) озық технологияларды қолдану негізінде құрылыс көлемінің өсуін және мерзімін
қысқартуды, өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін құрылысты индустрияландыру.

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

195 рет қаралды

Пікір жазу