26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 08:27

 

Шығыс Қазақстан облысында аймақтың дамуына қосымша қаражат тарту мақсатында invest.e-vko.kz инвестициялық порталы іске қосылды.  Сайтта аймаққа инвестиция салғысы келетін кәсіпкерлер үшін облыстағы мүмкіндіктер мен ресурстар, болашағы зор деген салалар көрсетілген.

Форум аясында агроөнеркәсіп кешенде, өнеркәсіпте, энергетика, туризмде және әлеуметтік салада 927 млрд теңгеге 84 жоба жүзеге асқалы отыр.

Ақпараттық ресурста инвесторларға қолайлы болу үшін Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері арнайы бөлімдерде  көрсетілген.  «Аймақ туралы» деген тарауда облыстың маңызды әрі бәсекеге қабілетті экономикалық салалар, ал «Инвесторға көмек» тарауында инвесторларды қолдау шаралары, оларға тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар, ақпараттық сайтта облыстың инвестициялық картасымен және индустриалды аймақтарымен танысуға болады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге ең қажет ақпарат «Инвестжобалар» тарауында берілген. Онда ондаған жоба бойынша қаржылық есептер, байланыс мәліметтері берілген.

Жекелеген блоктарда қатысушылар бағдарламалармен, халықаралық инвестфорум спикерлері баяндамаларының тақырыптарымен танысуға болады.

Барлық материалдар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде сайтта жарияланады.

Сонымен қатар, инвестициялық портал ШҚО-да 20-21 қазан күндері өтетін «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумның жаңалықтарымен толықтырылады. Айта кетсек, Форумның өзінің altaiinvestforum.kz деген жеке сайты бар.

Сайттағы барлық ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде берілген. Порталдың мобильді нұсқасы мен Android, IOS және Windows-қа арналған қосымшалары да бар.

214 рет қаралды

Пікір жазу