24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА 25 МЫҢ ТОННА ЖАНАРМАЙ БӨЛІНДІ

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 09:40

 

ШҚО-да егін ору науқанында арзандатылған бағамен 25 мың тонна жанармай бөлінген. ШҚО-да  биыл астық жинау науқанында дизельді жанармаймен қамту деңгейі 94%-ды құрап, шаруа қожалықтарында жанармай тапшылығы байқалмады. Қазіргі күннің өзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аймаққа арзандатылған бағамен 25 мың тонна дизельді жанармай бөліп, оның 23,6 тоннасы астық жинауға жұмсалған.

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Уалиевтың айтуынша, дәнді дақылдарды кептіру үшін тағы 5 тонна дизельді жанармай бөлінген.

– Ағымдағы жылы астық жинау маусымында дизельді жанармай тапшылығы анықталмады. Аймақтың барлық аудандары мен шаруа қожалықтары арзандатылған дизельмен қамтылды, – деді Амангелді Уалиев.

Айта кетсек, биыл астық ору маусымы ШҚО үшін қолайлы болып, жинаған өнім рекордтық көрсеткішті құрады. Дәнді дақылдарды жинауға жалпы 6 мың трактор, 2 мың орақ, 4 мың жүк көлігі мен 3152 комбайн жұмылдырылған.

200 рет қаралды

Пікір жазу