"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ПАТРИОТТАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Сәрсенбі, 19 Қазан 2016 16:47

 

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен облыс әкімдігінде жастар мен өзінің әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Жиынға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.

Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өңір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі – оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.

Сондай-ақ,  ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен ОҚО әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды. Мұндай марапаттар мен құрмет көрсету шаралары әр азаматтың бойынан отансүйгіштік қасиеттердің табылуына өз әсерін берері даусыз. Әсіресе жастардың отанына, халқына деген қамқорлығы, елін, жерін сүйіп оны құрметтеуі үлгілі өнегелерді көрумен, естумен де қалыптасады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

275 рет қаралды

Пікір жазу