24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚАНДАЙ БІЛІМ АЛУДА?

Жұма, 14 Қазан 2016 07:38

 

Қазақстан Республикасы аумағында «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы қабылданып, еліміздің көптеген аймақтарында іске асырылуда. Аталған бағдарлама аясында Семей қаласына 2016 жылы «446 студент оқуға түскен, оның жоғарғы оқу орындарындағы саны-246 болса, орта білім беру ордаларында-200 студент тіркелген. Жалпы қала бойынша «Серпін- 2050» бағдарламасымен білім алушылар саны-1040 студент.

“Семей қаласының «Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен, және ішкі саясат бөлімінің қолдауымен,«Серпін-2050»  бағдарламасы бойынша білім алушылармен кездесу өтті. Кездесу өзге өңірлерден келген студенттердің қажеттілігін қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру және құқықтық, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.


Шараға Шығыс Қазақстан облысының «Жастар орталығы» КММ директоры Есимбекова Арайлым Керімбекқызы, Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы, Семей қаласының прокуратурасы өкілі Ксанов Асхат Баймухамедұлының қатысты.
Іс-шара еркін сұхбаттасу форматында өтті, кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып білім алушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.


 
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

117 рет қаралды

Пікір жазу