"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КІТАПХАНАЛЫҚ КЕРУЕН

Бейсенбі, 20 Қазан 2016 11:07

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Облыс әкімінің бастамасымен Созақ ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені ұйымдастырылды. Бүгінде сол керуен Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылына да ат басын бұрды.

Кітаптан алыстап, ғаламторға тесілген жастарды қайтадан оқуға, кітапхананың қадірін түсінуге шақыратын мұндай шаралар оң нәтижесін берері даусыз.

Өйткені кітап – таусылмас қазына.

«Кітапханалық керуен – 25 ауылға». Мұндай атаумен бастау алған автокеруенді №5 облыстық кітапхана қызметкерлері Құмкент ауылдық мәдениет үйінде өткізді. Автокеруен құрамы тек кітапхана қызметкерлерінен ғана емес, айтыскерлер, ақын-жазушылардан да жасақталған.

Керуен барысында ақын әрі журналист Захардин Қыстаубаев өзінің кітап жайында ойын білдірсе, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева Құмкент ауылына өлең-жырларын арнады.

Шығармашылық кеш барысында «Мәңгілік елдің – Мәңгілік мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Құмкент ауылдық кітапханасына 25 кітап сыйға тартылды. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыздың қуаныштарында шек жоқ. Бүгінгі кештен ерекше әсер алғандарын да жасырмады. Ел ағалары «Өнерім саған, ауылым!» деген ұранмен жеткен автокеруенге сәт-сапар тілеп, жолға шығарып салды.

377 рет қаралды

Пікір жазу