14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЖІБЕК ЖОЛЫ – КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ» КӨРМЕСІ

Бейсенбі, 20 Қазан 2016 11:16

 

 

Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шымкент - қашанда экономикалық әлеуеті жағынан кәсіпкерлер үшін тартымды аймақ. Ежелгі Жібек жолы бойындағы қала ертеден сауда байланысымен аты мәлім. Сондықтан жаңа заман талабына сай сауда байланысын қайта жандандырған жөн. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Жібек жолы» көлік логистикасы» көрмесінің басты мақсаты осы.

Көлік логистикасы көрмесінің Шымкентте өткізілуі жай емес. Біздің өңір әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштер бойынша өзге аймақтардан оқ бойы озық тұр. Өңірде бірнеше индустриалдық   және көлік логистикалық аумағы жұмыс істейді. Облыс халқы 3 миллионға, ал шаһар  тұрғындары миллионға жуықтады. Сондықтан кәсіпкерлік пен бәсекелестік бұл аймақта өте жоғары деңгейде.

Жанат Мырзатаеваның көлік логистикасы бойынша жоғары білім алған. Бүгінде өз мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Біз үшін жаңа мамандық болып табылатын логист болу оңай шаруа емес.  Алайда Жанат жастығына қарамастан, бұл саланы жақсы меңгеріп алғаны байқалып тұр.

Ал, Жадыра өз компаниясын жарнамалау үшін Астанадан арнайы келді. Бизнес сарапшы ретінде тәп-тәуір тәжірибе жинақтаған.

Көрмеге облысымыздың компаниялары да қатысты. Мұндай кездесулер бәсекелестердің мүмкіндігін сараптауға септеседі. Ал, бәсекелестік орта логистика қызмет құнының арзандауына әкеледі. Бұл жерде ұтатын тек компания емес.. Қызмет тұтынушылар да айтарлықтай жеңілдікке ие болады.

Жиын барысында облысымыздың логистикалық мүмкіндіктері туралы  жан-жақты әңгімеленді.Көпшілікке берері мол бұл шара ертең де жалғасын табады.

335 рет қаралды

Пікір жазу