"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Бейсенбі, 20 Қазан 2016 11:19

 

«Нұр Отанның» Сарыағаш аудандық филиалында 8500-дей мүше бар. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, едәуір жақсы көрсеткіш. Дей тұрғанымен, жетекші партия жақтастарының қатарын көбейтіп, ел арасында көшбасшы ұйымның беделін арттыру күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бүгінде осы жұмыстар қарқын алған.

Сондай-ақ, алқалы жиында көшбасшы ұйымның соңғы екі жылда атқарған жұмыстары сараланды. Аудан көлеміндегі құрылыстың барысы, білім, медицина саласындағы жетістіктер айтылды. Қазір бұл өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 6 нысанге қаржы бөлініп, оның 5-еуі ел игілігіне берілген. Тағы 14-і  күрделі жөндеуден өткен.

«Нұротандықтардың» араласуымен ауданда бірқатар сыбайлас жемқорлық деректерінің жолы кесілген. Сапасыз салынған құрылыс пен инфрақұрылымдарды қайта жөндеуден өткізіп, халық сұранысын қанағаттандыруда да ұйым белсенділерінің атқарған жұмыстары ауқымды.

«Нұр Отан» партиясының ел ішіндегі беделін арттырып, оның жақтастарын көбейту күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Сарыағаш ауданында өткен алқалы жиында осы мәселе кеңінен айтылды. Бұл күні аудандық партия филиалының төрағасы да сайланып, межелі міндеттер айқындалды.

«Нұр Отанның» Сарыағаш аудандық филиалында 8500-дей мүше бар. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, едәуір жақсы көрсеткіш. Дей тұрғанымен, жетекші партия жақтастарының қатарын көбейтіп, ел арасында көшбасшы ұйымның беделін арттыру күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бүгінде осы жұмыстар қарқын алған.

Сондай-ақ, алқалы жиында көшбасшы ұйымның соңғы екі жылда атқарған жұмыстары сараланды. Аудан көлеміндегі құрылыстың барысы, білім, медицина саласындағы жетістіктер айтылды. Қазір бұл өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 6 нысанге қаржы бөлініп, оның 5-еуі ел игілігіне берілген. Тағы 14-і  күрделі жөндеуден өткен.

«Нұротандықтардың» араласуымен ауданда бірқатар сыбайлас жемқорлық деректерінің жолы кесілген. Сапасыз салынған құрылыс пен инфрақұрылымдарды қайта жөндеуден өткізіп, халық сұранысын қанағаттандыруда да ұйым белсенділерінің атқарған жұмыстары ауқымды.

271 рет қаралды

Пікір жазу