"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСҚАР МӘМИН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА БАРДЫ

Бейсенбі, 20 Қазан 2016 11:49

 

ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин мен ұлттық холдинг басшылары проблемалық мәселелерді шешу үшін ШҚО-ға келді.

Өскеменде бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәминнің  қатысуымен мәжіліс өтуде, онда өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарының проблемалық мәселелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық әзірлемесі бойынша мәселелер сөз болуда.

Мәжілісті ашқан А. Мәмин өңірдегі жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысындағы бірқатар проблемаларды шешу үшін өзімен бірге өңірге  үлкен делегация келгенін айтты, олар: ұлттық холдинг мен компаниялар, министрліктер басшылары.

«Біз бар проблемаларды толықтай қарауға әзірміз», - деп атап өтті вице-премьер.
Өңір әкімі Даниял Ахметов халықаралық инвестициялық форум жұмысына қатысуға оның шақыртуын қабылдап қана қоймай, өнеркәсіптік те, инновациялық тақырып сияқты кей мәселелерді талқылау үшін ерте келгендері үшін қонақтарға алғыс айтты.

Таңертеңгі іскерлік кездесудің күн тәртібі екі негізгі мәселені қамтыды. Бұл өндірістердегі қазіргі жағдайды талқылау, бірлескен жоғары технологиялық ғылым және өндіріс жобаларын іске асыру. Мұндай 10 жоба дайындалды. Мысалы, медицинаға арналған титандық имплантаттар өндірісі, Қазмырыш - «жұтаң кенді» қайда өңдеу жобасы.

Күн бағдарламасының үшінші эпизоды «Қазмырыш», «Үлбі металлургиялық  зауыты», «КазРосПромАрматура» және «Азия Авто Қазақстан» -кәсіпорындарының өнеркәсіптік алаңына бару.

237 рет қаралды

Пікір жазу