"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА МАРАЛ ӨСІРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕҢГЕРІЛУДЕ

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 14:58

 

Шаруашылықтарда қытайлық зерттеуші ғалым қолдан ұрықтандырудың озық тәсілдерін үйретуде. Бұл жұмыстар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының марал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Бұрын елімізде қолданылмаған тәсіл көрсеткішті 2 есе арттырды. 100 бас аналықтан 80-90-ға дейін төл алуға болады. Облыста бүгінде 18 шаруашылықта 10 мыңнан астам марал өсіріледі. Оның мүйізі мен қанынан дәрі-дәрмек жасалады.

«Бұған дейін Жаңа Зеландия, Корея, Тайвань сияқты мемлекеттерде шеберлік сабақтарын өткіздім. Шығыс Қазақстандағы Алтай маралдарының ірілігі және жайылымдық шөптердің сапасы таңғалдырды», - дейді марал шаруашылығын зерттеуші ғалым Чан Шау Мин /Қытай/

«Осы технологияны пайдалансақ, онда бір шаруашылық екіншімен, екіншісі үшіншімен араласып отырады», - дейді Қазақстан марал өсірушілер палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаров.

181 рет қаралды

Пікір жазу