26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӨСКЕМЕНДЕ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Сәрсенбі, 19 Қазан 2016 15:00

 

 

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылы белгіленген «Рухани келісім күнін» жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Бұл күні рухани келсімінің маңыздылығын айқындайтын шаралар өткізіліп келеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің дерегінше, Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісі күніне» арналған дөңгелек үстел басқосуы болып өтті.

Шараға Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан имамдары мен Семей өңірі өкілдігің имамдары қатысты.

Рухани келісім күніне арналған шараға сонымен қатар басқа да діни бірлестіктердің өкілдері, дінтанушылар, «Нұр Отан» партиясының бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен аға буын өкілдері келді.

Басқосуда Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы М. Мұхамеджанов «Рухани келісім күнімен» құттықтап, бұл атаулы шараның мән маңызына тоқталды.

Бұдан соң ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы арнайы баяндама жасады. «Біздің еліміз Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбіт қарым-қатынасының алтын көпірі бола алды. . Сол кездегі Жоғарғы Кеңес 1992 жылы «Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер» туралы Заңды қабылдап, ел азаматтарының дінді ұстанып-ұстанбауына еркіндік жариялады» деді ол, өз сөзінде . Өкіл имам бұдан ары рухани келісім ұлтаралық және дінаралық тартыстарды болдырмаудың бірден бір қадамы ретінде атап өтті және Қазақстанды дінаралық сұхбаттастық және рухани келісім алаңына айналдырудағы

Елбасымыздың әлем мойындаған тың бастамаларына тоқталды. Елімізде бейбітшілік болуын тілеп, «Рухани келісім күнімен» құттықтады.
Шарада басқа да діни бірлестіктер жетекшілері мен ғалымдар. «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері сөз сөйлеп, елімізде салтанат құрған ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулықтың маңыздылығы жайлы ойларын айтты.

Басқосуда облысымызда конфессияаралық келісімді сақтаудағы қосқан үлесі үшін бірқатар имамдар мен дінтанушылар марапатталды. Олардың қатарында Өскемен өңірінен Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы мен Зырян ауданының бас имамы Мирас Көкебаевтар бар. Дөңгелек үстелде сөз алғандар Өскемен, Семей мешіттерінің атқарып жатқан игі істеріне оң баға берді.

161 рет қаралды

Пікір жазу