"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020»: ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Жұма, 21 Қазан 2016 07:09

 

Шығыс Қазақстан облысында  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік  негіздерін оқыту үшінші жыл қатарынан тегін жүргізілуде. Бағдарламаның мақсаты- ауылды жерлерде өз бизнесін ұйымдастыру және дамыту арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.

Оқу  бағдарламасы  бизнес маркетинг жоспарын, бизнес-жоспар дайындау негіздерін қамтиды.

2016 жылдың 20 қазаны күні Күршім аудандық кітапханасында ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарды бизнес-тренер А.Оспанова жүргізіп, қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін түсіндіріп өтті. Семинар соңында тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

222 рет қаралды

Пікір жазу