14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕНІҢ ЕРКІН БАҒАМЫ САЯСАТЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Жұма, 21 Қазан 2016 07:10

 

2016 жылғы 1-жартыжылдықта шетелдік тікелей инвестициялардың Қазақстанға әкелінуі 9,3 млрд. долл. болды. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

 

 

Оның айтуынша, өңделмеген мұнайға және табиғи газға инвестициялардың салынуы 42%-ға 2,2 млрд. долларға дейін, геологиялық барлау мен зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметке салынуы 41%-ға 3 млрд. долларға дейін, металлургия өнеркәсібіне және дайын металл бұйымдар өндірісіне салынуы 27%-ға 1,2 млрд. долларға дейін ұлғайған.

«Еліміздегі макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының негізгі факторы болып табылады.

Еліміздің бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы және географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы да отандық, сол сияқты шетелдік инвесторлар үшін тартымдылықты қамтамасыз етеді. Бұған инвестициялық заңнама, бизнес-ахуал және инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары ықпал етуде», – деді Д. Ақышев.

Ол әлемдік қаржы және тауар нарықтарында шетелдік инвестициялар ағынының төмендеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі.

«Қазақстан инвесторлар үшін тұрақты бағыт, тартымды жер болып қалуда», – деп атап өтті Д.Ақышев.

Сонымен қатар бас банкир, теңгенің еркін айырбастау бағамы саясаты теңгерімсіздіктің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Ол сол сияқты отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Теңгенің еркін бағамы саясаты елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға ғана емес, оларды қалпына келтіру процесін бастауға да мүмкіндік берді деп атап өтті.

«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қыркүйектің соңында 31,4 млрд доллар болды. Жыл басынан бері ол 3,5 млрд долларға өсті. Ұлттық қордың валюталық активтері 64,4 млрд долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,8 млрд долларға жетті», – деді Д.Ақышев.

360 рет қаралды

Пікір жазу