24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ALTAI INVEST-2016» ФОРУМЫНДА ІРІ КЕЛІСІМ-ШАРТТАР ЖАСАЛДЫ

Жұма, 21 Қазан 2016 13:20

 

Өскемен қаласында өтіп жатқан «Altai Invest-2016» Халықаралық форумының аясында 14 мемлекеттен келген қатысушыларға Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша құны 927 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаның тұсаукесері өткізілді.

20-21 қазан күндері Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Оған әлемнің 14 мемлекетінен 300-ден астам делегат қатысуда.  Олардың қатарында  шет елдік және қазақстандық қаржы институттарының өкілдері, Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехия мемлекеттерінің инвесторлары мен дипломаттары бар. 

 

 

Инвесторларға облыстағы агроөнеркәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойынша 927 млрд теңгені құрайтын 84 жоба таныстырылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 22 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысына қатысу ұсынылды. Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында 278 га құрайтын 46 әлеуетті аумақ таныстырылды. Бұл жобалар жүзеге асырылса, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылмақ. 

 

 

-  Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті жақсарту, қазақстандық және шетелдік инвесторлармен іскерлік және әріптестік байланыстарды нығайту саясатын жалғастырып отыр. Осы ретте аталмыш форумның біздің облыс үшін маңызы зор. Біз жаңа идеяларға, инновация мен инвестицияға жол ашатын заманауи экономиканы құру моделін таңдап отырмыз. Барлық инвесторларға қол ұшын беріп, өзара ықпалдастық орнатуға шақырамыз, - деді ШҚО әкімі

Даниал Ахметов форумның ашылу салтанатында.

Форумның пленарлық мәжілісінің соңында Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша 218 млрд теңгені құрайтын 9 келісім құжаты мен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, өнеркәсіп және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салалары бойынша өткізілген роуд-шоулардың аясында жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайтын 29 меморандумға қол қойылып отыр. Жалпы Форум қорытындысы бойынша 255 млрд теңгеге жуық 38 құжатқа қол қойылды.

265 рет қаралды

Пікір жазу