17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЖЫМҰҚАН ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Жұма, 21 Қазан 2016 10:43

 

Ордабасы аудандық әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қажымұқан орталық стадионында халықаралық турнир басталды. Дүбірлі жарыс қазақ халқының әлемге әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналады. Байрақты бәсекеде белдескеннің белін үзетін, жауырыны жерге тимеген 232 палуан боз кілемде атой салды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай орталық стадион манежінде қазақ даласының батыры, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық жарыс басталды. Аталмыш турнирге Өзбекстан, Қытай Монғолия және еліміздің барлық облыстарынан 232 –ге жуық балуан қатысуда.

Әлемнің 4 мемлекетінен келген, қазақ күресінен «Азия чемпионы» деген атағы бар палуандар  ұлттық спортымыздың мерейін асқақ ету үшін бар күшін салды. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия сынды елдерде қазақша күрестің жақсы қарқынмен дамып келе жатқанына көпшілік осы турнир барысында көз жеткізді.  Жарыс алаңына шыққан өзіміздің барысымыз Нұғманов өкінішке қарай, өзбек балуанынан айласын асыра алмай, жеңіліс тапты. Ал, Руслан Әбдіразақов монғол балуанын айқын басымдықпен жеңіп, келесі айналымға шықты.

Жалпы, осымен  52-ші  мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге еліміз бен шетел мемлекеттерінен ұзын-ырғасы 12 команда қатысуда. Жарыс 5 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазан айының 23-не  марапатталады.

273 рет қаралды

Пікір жазу