14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СОЗАҚТА КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП АЛТЫН ӨНДІРІЛЕДІ

Сәрсенбі, 19 Қазан 2016 11:50

 

 

 

Созақ ауданында келесі жылдан бастап алтын өндіріледі. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Исаевтың ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында атқарылған шаруаларды баяндаған баспасөз брифингінде айтылды. Осы аралықта жасалған қыруар шаруаларды тізбектеп шыққан аудан басшысының алдағы жоспарлары тың. 

 

 

Металл өндіруде тәжірибесі жеткілікті теріскейліктер келер жылдан бастап көмір өндірісін де қайта жандандырмақ. Алдағы уақытта ауданда өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, атап айтқанда ет пен қымыран өңдеуді дамыту қолға алынбақ. Баламалы қуат өндіретін күн электр станциясын іске қосу да алдағы жылдың еншісіне қалдырылып отыр.

Ширек ғасырдан бері белгісіз себептермен тартылып кеткен Қызкөл биыл кемеліне келіп, теріскейлік жұртшылықты бір серпінтіп тастағаны есте. Жергілікті тұрғындарды айтпағанда атағы дардай геолог ғалымдардың басын ауыртқан Қызылкөлдің толуына биылғы жауын шашын оң әсерін тигізген. Алайда талай жылдан бері тартылып қалған көл аумағында әзірге келушілер үшін жағдай жасалмаған. Жергілікті билік өкілдері кемеліне келген көлдің жаңалығынан құлағдар болған кәсіпкерлер бұл маңайды демалыс аймағына айналдыру үшін түрлі жобалар ұсынып отыр дейді. Алайда, алдымен нақты іске кірісу үшін тиісті құжаттарды құнттап алу қажет.

Сондай-ақ, Созақта тұрғын үй мәселесі де жылдан жылға шешімін тауып келеді. Ширек ғасырда ауданда 206,6 мың шаршы шаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық тұрғын үй салыныпты. Жыл аяғына дейін тағы 50 тұрғын үй ел игілігіне берілгелі отыр.

Теріскейліктер түлік өсіруде алдына қара салмай келеді. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда ірі қара басы 7 мыңнан әрең асса, қазір бұл көрсеткіш 27 мыңға жетіп отыр. Биылдың өзінде Созақтан 2 688 қаракөл тоқтысы біріккен Араб әмірліктеріне экспортталды.

287 рет қаралды

Пікір жазу