"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЯССАУИ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Сенбі, 22 Қазан 2016 16:55

 

 

Түркі еліне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауи еңбектерінен үйренеріміз көп. Сопылық ілімнің негізін қалаушы Ислам дінімен ұштасқан философиялық тұжырымдамаларында талай ғалымның еңбегіне тұздық дүниені айтты. Түркістанда тарихи тұлғаның өмірі мен ғылымына арналған бесінші халықаралық конференция болып өтті.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Ежелден өркениет ошағы болған киелі мекен ұлы тұлғаның арқасында әлемге танылды. «Диуани хикмет» шығармасы ғасырлар бойы ел арасында кеңінен таралды және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы Ясауи мұрасының негізінде қалыптасты.

Жандос Әбубәкір, «Әзірет Сұлтан» тарихи мемлекеттік қорық мұражайының директоры: «Бүгін Түркістан қаласында үлкен маңызды күн. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы орай Яссауи бабамыздың өмірден өткеніне 850 жыл. Осыған орай халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Бұған жер-жерден, ел-елден ғалымдар келіп, қатысып жатыр».

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері». Ғылыми-конференцияда сөз алғандар осы тақырып аясында әңгіме өрбітті.       Ертеректе дәстүрді бекем ұстанған елдің игі жақсылары, хан-сұлтандар мен би-батырлар дүниеден өтерінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерлеуді ұрпақтарына аманаттап отырған. Қазақ даласының, жалпы түркі дүниесінің рухани құндылықтары ғалым мұрасымен тығыз байланысты. 

Кенжетай Досай,  «Әзірет Сұлтан» тарихи мемлекеттік қорық мұражайының қызметкері: «Ел бойынша 3 маңызды шара аталып өтілді. Соның біреуі-Яссауи бабамыздың қайтыс болғанына 850 жыл. Екіншісі-Алматы қаласының 1000 жыл және Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы. Осы үш айтулы дата Юнесконың тізіміне еніп отыр...»

Бұл – ғалым мәртебесіне орай ұйымдастырылған V халықаралық - ғылыми-тәжірибелік мәжіліс. Оған отандық ғалымдармен қатар, алыс жақын-шетелдің бетке ұстар білімділері қатысты. Конференцияда Яссы мұраларының зерттелуі мен әлемдік өркениеттегі орны жайында жан-жақсы сөз қозғалды. 5 бөлімнен тұратын келелі кеңес отандық мұражай саласындағы кейбір проблемаларды сараптап, талдауға бағытталады.

335 рет қаралды

Пікір жазу