29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ШАҒЫМ ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Сенбі, 22 Қазан 2016 16:59

 

Мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысына көңіліңіз тола ма? Сізге қалай қызмет көрсетті? Қызмет этикасы көңіл көншітпесе, кімге шағымдануға болады? Осы сауалдарға жауап қайыру үшін тиісті ведомства Шымкенттегі 5 бірдей халыққа қызмет көрсету орталығына шағым жәшіктерін орнатты.

Бұл жұмысқа ұйытқы болған - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы. Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы агенттіктің қызметкері  аптасына бір күн «Азаматтарды қабылдау» шарасын өткізеді. Қызмет алушының құқықтары бұзылған жағдайда арыз-шағымдарды қабылдап, кеңес береді. Шағым жәшіктеріне келіп түскен арыздарды тиісті органдарға жолдап, мән-жайды анықтауға көмектеседі.

Әзірге бұл жоба  тек қана Шымкенттегі орталықтарда жүріп жатыр.  Мемлекеттік қызметшілер өздеріңізге дұрыс қызмет көрсетпесе, аудандар мен шалғай жатқан елдімекен тұрғындары осында келіп, арыздана алады. Бұл іс тиімділігін дәлелдесе, болашақта аудан орталықтарында да шағым жәшігі орнатылуы мүмкін. Қыркүйек айынан бастап, қолға алынған жобаның мақсаты да айқын. Күннің өзекті проблемасына сай, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыру болмақ.

206 рет қаралды

Пікір жазу