29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҚСЫЛЫҚ ЕТСЕҢ АДАМҒА, БЕРЕДІ АЛЛА САҒАН ДА!

Сенбі, 22 Қазан 2016 17:11

 

«Жақсылық етсең адамға, береді Алла саған да»! Сарыағаш ауданында осындай атаумен қайырымдылық шарасы болып өтті. Жоба аясында 200-ден астам ерікті аудан көлеміндегі отбасылық жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек қолын созды. Қаржылай жәрдем етіп, мейірімділік танытты.

Сарыағаш ауданында 60 мыңдай түтін бар. Халқының саны 300 мыңнан асады. 11 мың азамат – туабітті кемістігі, еңбекке жарамсыздығы  үшін арнайы тіркеуге алынған. 123 жан түбегейлі арбаға танылса, тағы 21 адам төсек тартқан. 260 азамат оңалту орталығында ем-дом қабылдайды. 136 жанның жүріп-тұруы протездің арқасында. Тағы 33 адам есту қабілетінен айырылған. Шара аясында осы отбасылардың 50-іне көмек көрсетілмек.

Айтулы шара Сарыағашта дәстүрге айналған. Биыл да қол қайырымы жомарт жандардан болды. Әркім әлі жеткенше әлеуметтік жәшікке қол созды.

Қайырымдылық шарасы концерттік бағдарламамен әсерлі бола түсті.

Түскен қаражат 3 күн ішінде арнайы комиссияның ұйғарымымен мұқтаж жандарға үлестіріледі. Сөйтіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қоғам өмірімен теңеле түсуіне мүмкіндік берілмек.

Қоғамымыздың ажырамас бір бөлігі болып есептелетін мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету, әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты оларға оңтайлы жағдай тудыру – мемлекетіміз алға қойған мақсаттардың бірі. Сондықтан келешекте олардың да өздерін жайлы сезінуіне жағдайлар қарастырыла бермек.

199 рет қаралды

Пікір жазу