"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҰБ БАСШЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫН ТҮСІНДІРДІ

Дүйсенбі, 24 Қазан 2016 13:48

 

Өскеменде жергілікті БАҚ үшін болып өткен брифинг барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты және еліміздің қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралы айтып берді. 

«Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. 2016 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция 0,2%, ал жылдың басынан бастап 5,6% деңгейінде қалыптасты. Біз жылдың қорытындысы бойынша жылдың соңына таман инфляция нысаналы дәліздің жоғарғы шегі 6-8% мөлшеріне жетеді деп күтудеміз», – деп реттеушінің болжамын жеткізді Д. Ақышев.  

Ол бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарына негізделген теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізетінін атап өтті. Бұл ретте, теңгенің өзгермелі айырбастау бағамының режімі кезінде пайыздық саясатқа басты назар аударылады.  

«Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Айырбастау бағамының күнделікті әрі-бері құбылуы қалыпты шектерде орын алып отыр. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 20 қазанда бағам доллар үшін 330,56 теңгені құрады. Жылдың басынан бастап нығаю 2,8%, айдың басынан бастап 1,5 % болды, - деп сөзін жалғастырды Д. Ақышев. – 2016 жылғы қыркүйектен бастап Ұлттық Банк валюта нарығында өктемдік жүргізбейді, тиісінше біздің қатысу үлесіміз 0%-ды құрайды. Теңгенің бағамы қазіргі кезде оң серпінге ие орнықты факторлардың әсерінен ғана қалыптасады».

219 рет қаралды

Пікір жазу