"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕГІ МЕМБАҒДАРЛАМАЛАР САПАСЫ ҚАНДАЙ?

Сейсенбі, 25 Қазан 2016 14:51

 

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапары барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу  сапасын тексерді.  Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды, деп хабарлайды аталған партияның ОҚО-дағы филиалының баспасөз қызметі.

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды.  Бұл саладағы қарқынның дамуына «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағалады. 

 

 

Биылғы жылы ОҚО-да  барлығы 1140 пәтер пайдалануға берілді, олардың жалпы көлемі 64 мың шаршы метрді құрайды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікті құрылысшыларды жағымды жаңалықтан хабардар етті. Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда мемлекеттік «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы  іске қосылады.  Яғни, еліміздегі құрылыс қарқыны екі есе көбейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 800 мыңнан асып кетті. Еліміздегі  халқы ең тығыз орналасқан өңірде биылғы жылы жетпіс үш мың бес жүздей балдырған мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондықтан да «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі жаңа мектеп құрылыстарын салу болып табылады.  Биылғы жылы - 25 жаңа мектеп салу көзделген.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Достық» мөлтекауданында болып, 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысын тексерді. Жылдам өсіп жатқан мөлтекауданда жаңа білім беру мекемесінің ашылуын шәкірттер де, ұстаздар да асыға күтуде. Балалардың көптігінен жұмыс істеп жатқан мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды.

286 рет қаралды

Пікір жазу