"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШАРДАРАДА «КӨКЕЙІМДЕ БАР ӘЛЕМ» ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ

Сейсенбі, 25 Қазан 2016 15:02

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында мүмкiндiгi шектеулi жастардың «Көкейiмде бар әлем» деп аталатын қолөнер көрмесi өттi, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық мүгедектер бiрлестiгi бiрге ұйымдастырған iс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналды.

Ұйымдастырушылар осындай iс-шара арқылы мүмкiндiгi шектеулi жастарға қолдау көрсетiп, дарыны мен өнерiн дамытуды, олардың өмiрге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыруды көздейдi. Көрмеге қала және ауыл округтерiнен өнерге икемi бар 10 жас шебер қатысты.

Абай мәдениет үйiнде өткен шарада мекеме, ұйым басшылары мен кәсiпкер азаматтар мүмкiндiгi шектеулi жастардың қолынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Әсiресе, Көксу ауылдық округiнен келген Нұргүл Жұртбаеваның киiзден жасаған бұйымдары көпшiлiк назарын аударды. Жүн байпақ, киiзден жасалған қуыршақ, шәлi, тұскиiз, басқа да заттар мақтанып көрсетуге, үлкен сауда орындарына шығаруға әбден-ақ лайық бұйымдар екен.

Iс-шараға арнайы қатысқан аудан әкiмi Арман Абдуллаев, Шардара қалалық қауымдастық төрағасы Қыстау Iлесов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Жоламан Тұрлыбеков сөз сөйлеп, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықтар жөнiнде айтып өттi. Аудан әкiмi көрмеге қатысқан өнерлi жастарды «Алғыс хатпен» марапаттап, сыйлықтар тарту еттi. Аудандық Абай атындағы мәдениет сарайы мен аудандық саз мектебiнiң өнерпаздары концерт қойды.

Iс-шара соңында көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Осы күнi барлығы 60 түрлi зат сатылды.

272 рет қаралды

Пікір жазу