"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ХАБАРДАР ЕТІЛДІ

Сәрсенбі, 26 Қазан 2016 12:53

 

Оңтүстік Қазақстан облысында «Көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету» тақырыбында брифинг өтті.

Баршаға мәлім, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет. Аталған іс-шаралардың мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру.

 

 

Аталған брифингті  Департамент басшысының орынбасары, А.Шілманов жүргізіп,   Департаменттің  2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша  атқарған жұмыстары  жайлы да ақпараттар берді. Сонымен қатар, брифинкке ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы  С.Дадаметов және ОҚО әділет департамент басшысының орынбасары  Б.Алипбек, ОҚО білім басқарма басшысының орынбасары Е.Бурханов және ОҚО Жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Е.Тілеген және облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі  бөлімі басшысы - Е.Өтебаев   арнайы қонақ ретінде қатысты.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат өкілдеріне 9 айы қорытындысы бойынша Департаментпен тиісті мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді ұсынды. 

Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов өз сөзінде, Департамент тарапынан 10 мемлекеттік органда есептік мерзім ішінде ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесімен 2143 құқықбұзушылықтар анықталды. 9 мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жолданып, 11 қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылды, оның ішінде 2 Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес.

Әрі-қарай, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті өз құзретті шегінде халыққа әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру саласы бойынша 10 мемлекеттік қызметтер көрсетететінін айтып өтті. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 137066 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге өзекті мәселе - мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілігі салаларындағы нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83 бабымен әкімшілік жаза қолдану қарастырылған.
Осыған байланысты 2016 жылдың 9 айында 40 мекемеде мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жетімділігіне тексерулер  жүргізілді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді, лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғаларға 6999300 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның  2545200 теңгесі өндірілді.
  Келесі сөзді алған ОҚО әділет департамент басшысының орынбасары  Б.Аліпбек облыс бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 104079  азаматтық хал актілері тіркелгенін, аталған мерзім ішінде АХАТ қызметімен заңды және жеке тұлғалардың 75483 өтініштері қаралып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жалпы 113561 өтініш қабылданғанын, мемлекеттік тіркеуден 2016 жылдың 9 айында 170 700 414 теңге алым сомасы өндірілген.
Сондай-ақ, заңды тұлғаларды тіркеу салаласы бойынша 5063 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 609 заңды тұлға, 101 филиалдар мен өкілдіктер тіркелді. 196 заңды тұлғаның таратылуы және филиалдар мен өкілдіктер есептен алынғаны тіркелген. «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорында 1794 заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктердің мекен-жайының өзгеруіне байланысты құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулары тіркелген. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 14 196 108 теңге мемлекеттік алымдар түскен.
2012 жылдан бастап Комиссияның 30 отырысы өткізілді, оның ішінде адвокаттық қызмет бойынша – 13, нотариаттық қызмет бойынша – 17.
Жалпы аттестаттаудан өткен үміткерлер саны 477, оның ішінде адвокаттық қызмет бойынша 141, нотариаттық қызмет бойынша – 336.

Әрі-қарай, ОҚО Жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Е.Тілеген   Жеке және заңды тұлғаларға жер қатынастары саласында аудан, қала әкімдіктерімен - 7 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілгенін, және жалпы ағымдағы жылдың 9 айында әкімдіктердің жер қатынастары бөлімдерімен - 11 270 қызмет көрсетілгенін атап өтті. 

 Келесі сөзді алған ОҚО білім басқарма басшысының орынбасары Е.Бурханов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында білім беру ұйымдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің 29 түрі жүзеге асырылатынын.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша: -  ерекше қорғауды қажет ететін мектеп-интернаттарында 38084 мемлекеттік қызмет көрсетілді; - кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында 32513 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Іс-шара соңында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру қажеттілігі туралы ақпарат пен бөлісті.

247 рет қаралды

Пікір жазу