14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД ЖӘНЕ ОҚ АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Сәрсенбі, 26 Қазан 2016 16:51

 

Шымкент қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стенд және оқ атудан ХХV халықаралық турнир өтті.

Облыста ату спортының даму тарихында бұл турнир 25-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. Биылғы жарысқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасынан (Астана, Алматы қалаларымен қатар Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары) 280 шақты спортшы қатысты.

Траптан (траншеяден нысана көздеу) ерлер арасында қызылордалық Максим Коломоец, жастар арасында алматылық Артем Чикулаев, қыздар арасында қызылордалық Айжан Досмағамбетова бірінші орынды иемденді. Ал скиттен (дөңгелек нысана көздеу) ерлер арасында оңтүстікқазақстандық Владислав Мухамедиев, жастар арасында алматылық Юнус Мачжон, қыздар арасында Қызылордалық Анеля Шалтақбаеваның жұлдызы жанды. Компакт - спортингтен ерлер арасында елордалық Дмитрий Качанов, жастар арасында алматылық Эдуард Ещенко, қыздар арасында ОҚО спортшысы Ольга Хайлова ерледі.

Дубль-траптан ерлер арасында ресейлік Виталий Фокеев, жастар арасында алматылық Руслан Бердов, қыздар арасында қызылордалық ару Айжан Досмағамбетова жеңімпаз атанды. Турнир жастар арасында өткізілгендіктен жарыстың маңыздылығы да жоғары дейді спортшылар.

318 рет қаралды

Пікір жазу