26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ «ШИРЕК ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ» БРИФИНГІ ӨТТІ

Сәрсенбі, 26 Қазан 2016 17:13

 

Жуалылық жеке кәсіпкерлер бюджетке 112 млн. теңгеден аса салық төледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов осылай деп мәлімдеді.

Спикердің мәлімдеуінше, 2016 жылдың 9 айында жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 1 млрд. 937 млн. 141 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып бюджетке 112 млн. 836 мың теңге салық төленді. Жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 3646, немесе 98,5 пайыз жұмыс істейді.

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен ұсынылған 13 жоба қатысып, 8 кәсіпкер нәтижелі жұмыстар атқарып аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, 269,0 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлады өңір басшысы Б.Көпбосынов.

Жуалы ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 1836 бас мал сатып алынды.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2016жылдың  қаңтар-қыркүйек айларында 24 бас асыл тұқымды МІҚ малы сатып алынып, 3,6 млн. теңге, 8 бас жылқыға 320,0 мың теңге, 2920,7 тонна сүтке 15,0 млн. теңге, 1,57 тонна сиыр етіне 4,7 млн. теңге, 12,5 тонна қой етіне 1,2 млн. теңге,  мал бордақылау алаңына өткізілген  629 бас МІҚ -15,0 млн. теңге, барлығы 39,8  млн. теңге субсидия төленіп отыр.

Сыбаға бағдарламасы 40,1 млн. теңгеге 243 бас мүйізді ірі қара, Құлан бағдарламасы бойынша 68,0 млн. теңге несие алып, 248 бас  жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша     34,6 млн. теңгеге 1345 бас қой сатып алды, - деп хабарлады Б. Көпбосынов.

Жуалы ауданында 9 мың тонна ет өндірілді.
2016 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 0,1пайызға, шошқа  басы 11 пайызға артып, қой-ешкі, жылқы, құс басы 100,0 пайызды құрап отыр.                                                                               

Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 9,1мың тн (9,03мың), сүт өндіру  34,1 мың тн (32,4), жұмыртқа  6 млн. 566,3 мың данаға (6 млн. 566,3), жүн 340,7 тоннаға (340,7)   жетіп, ет 0,2, сүт 5,1,  пайызға артып, жұмыртқа мен жүн өндіру 100,0 пайызға орындалды, - деп айтты спикер.
Жуалы ауданында 7 мың гектардан аса жерге күздік бидай себілді.

Аудан әкімдігінің қызметі ауданның экономикалық әлеуетін ұлғайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға және Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда. Өсім. Реформалар. Даму.» атты Жолдауын және «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100  нақты қадам» - Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Есепті мерзімде ауыл шаруашылық өнімнің жалпы шығарымы 15 млрд. 929,0 млн. теңгені құрады, немесе нақты көлем индексі 104,6 пайыз, оның ішінде - өсімдік шаруашылығы 6417,6 млн. теңге,немесе 109,6, мал шаруашылығы 9508,7 млн. теңге, немесе 101,4 пайызды құрайды.

Бүгінгі күнге  дәнді және бұршақты дақылдар барлығы 33,5 мың га (31,4)  жері орылды (100%), орташа өнімділік  22,7 цн\га (17,3) айналды, жиналған өнім 75,9 мың тоннаны (57,3)   құрап, толығымен аяқталды (100 пайыз), оның ішінде 12,3 мың га бидай, орташа өнімділік 23,2 цн\га (17,5) айналды,  барлық бидай өнімі 27,9 мың тонна (17,2). 21,2 мың гектар арпа , орташа өнімділік 22,4  цн\га, (17,1  ) жиналған өнім 48,6 мың тонна (39,7).  Есепті мерзімде майлы дақылдың орылғаны 22037 га, өнімділігі 6,5 ц/га , картоп дақылының жиналғаны 2150 га, өнімділігі 226  ц/га, көкөніс дақылының жиналғаны 639  га, өнімділігі -238 ц/га, жүгері 240 га, өнімділігі 64 ц/га алынды. Есепті мерзімде 3200 га күздік бидай себіліп, 4990,0 га сүдігер айдалды. Бүгінгі күнге 7290 га. күздік бидай себіліп, 6890,0 га сүдігер айдалды, - деді спикер.

Жуалы ауданында 5 автомобиль және 7 көше жолы қайта жаңғыртылды.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2016 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта, ағымды жөндеуден өткізуге және жолдарды күтіп-ұстауға  аудандық бюджеттен 192 750,0 мың теңге облыстық бюджеттен 30 228,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

Сондай-ақ, 13,12 шақырым ауыл аралық 5 автомобиль жолын және 7,9 шақырым 7 көше жолын орта жөндеуден өткізуге жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды, - деп хабарлады өңір басшысы.

Жуалы ауданы бөлшек сауда бойынша 4-ші орында тұр.
Аудан бойынша  2016 жылдың есепті мерзімінде 1 269,8 млн теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне нақты көлем индексі 97,5 пайызды құрады.  Облыстық көрсеткіш 99,4 пайыз, аудандар арасында 4 орында тұр.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың  9 айында 3667,7 млн. (2059,8)  теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады, - деп хабарлады спикер.

Биыл Жуалы ауданында ана өлімі тіркелген жоқ

Аудандық денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 79781,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Атап айтқанда, Электрокардиограф 2 дана-4790,0 мың теңге, система стрес тестирования-29889,0 мың теңге, анализатор 1498,0 мың теңге, УЗИ аппараты -39715,0 мың теңге, УАЗ авто көлігі-3400,0 мың теңге.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына аудандық аурухананың мәліметі бойынша ана өлімі болған жоқ, 1 жасқа дейінгі 4 нәрестенің шетінеуі орын алды. (2015 жыл-3,) ( Б. Момышұлы ауылы-2, Мыңбұлақ а/о-1, Билікөл а/о-1)

100 000 тұрғынға шаққанда туберкулезбен науқастанушылық 31,2 пайызды құрап, (32,3)  1,1 пайызға төмендеді, - деп айтты Б.Көпбосынов.

166 рет қаралды

Пікір жазу