26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бейсенбі, 27 Қазан 2016 10:23

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Асқар Можанов ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Басқарманың жаңа басшысын ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ұжым қызметкерлеріне таныстырып, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі.

 

 

– Өздеріңіз білесіздер, Асқар Байжігітұлы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, Кикбокстан әлемнің 5 дүркін чемпионы. Спорт саласынан шыққандықтан, алдағы уақытта басқарманың жұмысын жандандырып, көптеген жетістіктерге жетеді деген сенімдемін, – деді Жақсылық Омар.
Можанов Асқар Байжігітұлы 1973 жылы 13 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1995 және 2010 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт», «Мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандықтары бойынша аяқтаған. 

 

 

1995 жылдан 2004 жыл аралығында «Алтай» кәсіби-спорттық клубының директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2004-2009 жылдары Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт, білім және спорт, спорт және туризм бөлімдерін  басқарды.

2009 жылдың мамырынан 2011 жылдың қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2011 жылдың қазанынан Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басқарма басшысының орынбасары, 2013 жылдың қарашасынан бастап аталмыш басқарманың басқарма басшысы болып жұмыс атқарды.

174 рет қаралды

Пікір жазу