24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІН АЗАЙТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Бейсенбі, 27 Қазан 2016 10:45

 

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті.
Кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту,  нәрестенің туу көрсеткішін көбейтіп, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті.

«Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек. Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылордада жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады»,- деді. 

 

 

Ю.Оксамитный. Бұған дейін ЮНИСЕФ өкілі: «ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен балалар мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу жағдайларының себеп-салдарын кешенді талдау жұмыстарын жүргізді. Балалардың өзін-өзі қол салу жағдайына өте байсалды болу керек. Жалпы алғанда біз Қазақстанда балалардың өзіне-өзі қол салу жағдайлары бойынша өзге елдермен салыстырғанда экстремалды жағдайды байқап тұрған жоқпыз. Қазақстанда бұл мәселеге өзге елдермен салыстырғанда ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда соңғы 15 жылда өзін-өзі қол салу жағдайлары 37 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қалалық жерде жоғары, ал ауылдық аймақтарды төменірек» деп мәлімдеме жасаған болатын.

Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман, әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімі ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

279 рет қаралды

Пікір жазу