25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІК ҚОРЫ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАУДА

Бейсенбі, 27 Қазан 2016 11:05

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Асқаров Азамат Исламұлы «Береке» өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы журналистермен кездесу өткізді. Жиын барысында Азамат Исламұлы бұл бағыттағы жұмыстардың жүзеге асу барысы мен алғашқы нәтижелері туралы баяндады.

Азамат Исламұлының айтуынша, Жамбыл облысында жылдан - жылға белсенді шағын-орта бизнес субъектілер саны, өндірілетін өнім көлемі, сонымен қатар осы саладағы жұмыс орын саны да ұлғаюда, айталық, бүгінгі күні облыста 59 мың шағын және орта бизнес мекемелері тіркелген, мұнда 127 мың адам жұмыс жасайды, яғни экономикалық белсенді халықтың 23,5 пайызы. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы, облыстың экономикасын әртараптандыру мақсатында, «Бизнестің жол картасы – 2020» Біріңғай бағдарламасы және жеке жобалары шеңберінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айталық, Біріңғай бағдарламаның «Кәсіпкерлер несиесінің пайыздық үстемесін субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы несие портфелінің соммасы 18,0 млрд. теңге құрайтын 134 жоба мақұлданды. «Кепілдендіру» тетігі бойынша 49 жоба мақұлданды, несие портфелінің соммасы 984 млн. теңге, оның ішінде кепілдендіру құны 409 млн. теңге, - деді қор басшысы.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» жаңадан бастап жатқан кәсіпкердің несиесінің 85% кепілдікпен қамтамасыз етеді

 

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша «Даму» КДҚ» АҚ АФ құзыретті арттыру бағдарламалары бойынша бас менеджері Есжанов Жасұлан Алпамысұлы мәлімдеді.

Жасұлан Алпамысұлының баяндауынша, 2010 жылдан бастап «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық агенті және операторы қызметін атқарады.

Бағдарлама шеңберінде «Даму» қоры, шағын - орта бизнесті қолдауға екі қаржылық құрал қолданады. Олар: екінші деңгейлі Банктер (бұдан әрі - ЕДБ) берген несиелердің пайыздық үстемесін ішінара субсидиялау және ЕДБ берген несиені қамтамасыз етуге жартылай Кепілдік беру, шарттары:

• Басым секторларда (облыс орталығы және қалаларда) жүзеге асырылатын жобалар бойынша берілген несиенің, жылдық пайыздық үстемесінің 7% субсидияланады, ал ауыл, ауылдық округтар орталығы, шағын және моно қалаларда жүзеге асырылатын жобалар бойынша берілген несиенің, жылдық пайыздық үстемесінің 10% субсидияланады.

• Жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлердің ЕДБ алған несиесін 50%-ы, жаңадан бастап жатқан кәсіпкердің несиесінің 85%-ы кепілдікпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде қаржылық емес жобалар аясында қолдау көрсетіледі. «Шағын және орта кәсіпкерлік топ - менеджментін оқыту» компоненті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған.

Оған қоса, ШОБ субъектілерінің мәселелерін кешенді шешу мақсатыдна 2013 жылдың 26 наурызында, Тараз қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда кәсіпкерлерге және кәсіпке ынтасы бар қала тұрғындарына бизнесті ашу әрі жүргізуге біріңғай кеңестер беріледі, - деді Ж.Есжанов

«Даму» қорының мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобасы бойынша, 13 жамбылдық кәсіпкер қолдау алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Азамат Исламұлы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, салалар бөлінісі бойынша, қолдау тапқан жобалардың негізгі бөлігі «Өңдеуші өнеркәсібінде» - яғни 25%, ары қарай «Көтерме сауда» саласы - 20%, «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» - 12%, «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салары - 10%, қалған салар - 23%.
Ең белсенді банктер «Халық банкі Казахстана» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ және «Евразийский Банк» АҚ.

Облыс тұрғындарына, қаржыландырудан тыс қолдау жобаларын, аймақтық филиалдың негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жүзеге асырады. Айталық, 2016 жылдың 9 айында, орталық арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, бухгалтерлік және салық есептері, заң ережелері, бизнес - жоспар жазу бғыттары бойынша 8,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір тиімді әдісі, кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған оқу бағдарламалары. «Даму» қоры, осы бағыт бойынша 3 негізгі жобаны жүзеге асырады. Олар:
«Шағын-орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы, жұмыс істеп тұрған мекемені басқаруда тиімділігін арттыру дағдыларын ұлғайтуға бағытталған, бұл

жоба бойынша 13 мекеме басшысы білімін жетілдірді.

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасы бойынша, жұмысын жаңадан бастауға ынталы 90 азамат оқудан өтті.

«Студенттердің кәсіпкерлік бастамалардын қолдау» жобасы бойынша облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 85 студенті, дәріс алды.
«Даму» қорының, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жеке «Даму-Көмек» жобасы бойынша 13 кәсіпкер қолдау алды, - деп хабарлады А.Асқаров.

237 рет қаралды

Пікір жазу