24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«БЕРЕКЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫН АЛҒАН

Бейсенбі, 27 Қазан 2016 11:20

 

Жамбыл облысында аймақтық «Береке» бағдарламасы жүзеге асырылуда  - «Даму» Кәсіпкерлік қоры».

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Азамат Исламұлы мәлімдеді.

2016 жылдың 13 шілдесінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Тлеушин  Қаныш Аманбайұлы  және Жамбыл облысының әкімі Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы арасында «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау аясында ынтымақтастық» меморандумына қол қойылды. Аталған құжат шеңберінде облыс әкімшілігі мен «Даму» Қоры паритетті негізде ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге 500 млн теңге бөлді. Тамыз айының соңында, «Qazkom» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дарына 250 млн.теңгеден қаражат орналастыруға несиелік келісімшарт жасалды. Осы бағдарлама аясында, кәсіпкерлер алатын несиесінің  жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5%. Несиенің шектік мөлшері– Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 млн теңгеге дейін, Жамбыл облысында  жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін 50 млн теңге. Несие жаңа құрал сатып алып, негіз құлдарын жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 36 айға дейінгі мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды.

Бүгінгі күні, «Береке» бағдарламасының шеңберінде, жалпы соммасы 31 млн. теңге көлемінде, әр банктен бір-бір жобадан мақұлданды. Тағы 2 жоба қаралу үстінде. Алайда, айта кетерлігі қаражаты игеру жоспарына сәйкес, қарастырылған сомманың негізгі бөлігін 2017 жылдың бірінші тоқсанында игеру жоспарлануда. Осыған орай, «Даму» қоры Жамбыл облысының кәсіпкерлерін, осы бірегей «Берке» бағдарламасын белсенді қолдануға шақырамын, - деп сөзін түйіндеді қор басшысы Азамат Исламұлы.

246 рет қаралды

Пікір жазу