"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ МЕН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ҮШ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Сенбі, 29 Қазан 2016 09:09

 

28 қазанда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі «Шымкентцемент» АҚ арасында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үш жақты келісімге қол қойылды. 

 

 

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Бірінші вице-министрі Альберт Рау, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі атынан Әкімнің орынбасары Жақып Бөкенбаев және «Шымкентцемент» АҚ атынан директоры Мустафа Авджы қол қойды. 

 

 

Осы келісімнің аясында «Шымкентцемент» АҚ  бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуге мiндетті, ал жергілікті атқарушы орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеуге құқылы.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия сыйымдылығының ЖІӨ 25 пайызға төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылған. Қазіргі уақытта 5042 ұйым субъектілермен мемлекеттік энергетикалық реестр жасалған. 2000-нан астам реестр субъектісі «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңына сәйкес энергетикалық аудит жүргізуге міндетті. Бүгінгі таңда 606 субъект энергетикалық аудит жүргізіп үлгерді.

Соның барысында жалпы пайдаланғандардың ішінде барлық реестр субъектілерінің үлесі мынадай болды. Мәселен, Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланғаны 63%, заңды тұлғалар 35%, ал, мемлекеттік мекемелердің үлесі 2% құрайтыны анықталды. Аталмыш реестрден елдің энергия ресурсының 30%-дан астамын пайдаланатын 50 өндірістік кәсіпорын алынып тасталды.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі энергосервистік келісім тетігі арқылы жүзеге асыруға дайын жобалардан тұратын энергия тиімділік Картасын жасады. Бүгінгі таңда энергия сервистік қызмет операторына энергия тиімділік Картасына қосылу үшін 65,12 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 105 тапсырыс түсті. Жыл соңына дейін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (бүгінгі күні кәдімгі шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру бойынша 3 жоба жүзеге асуда – «Қазпошта» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС және «ТАТЭК» ЖШС, сонымен қатар, USAID жобасы).

Бірқатар өңірде 2016-2020 жылдарға арналған кешенді энергия тиімділік жоспары бекітілді (БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ОҚО, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Атырау және СҚО).

Аумақты дамыту бағдарламасына жақын 5 жылдықта энергия үнемдеу секторын дамыту жоспары мен жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағытын және аймақтың ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша мақсатты индикаторын белгілейтін энергия үнемдеу мен энергия тиімділік бойынша тарау қосылды.

211 рет қаралды

Пікір жазу