"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Дүйсенбі, 31 Қазан 2016 15:18

 

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау - басты басымдықтағы жұмыстардың қатарында. Таяуда, өңіріміздің экономикасының дамуына мол үлесін қосатын аталған саланың кедергісіз дамуы үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ұсынылған 19 қаулыға қол қойды. Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді. 

Атап айтқанда, күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді май шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын кушейту және 
Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд. теңге құрайтын 166 жоба іске асырылуда.

Облыс әкімдігімен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың басынан әкімдіктің 66 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлердің жер беру туралы өтініштері қанағаттандырылды. 

Бұған қоса 2012 жылдан бері Шымкентте Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлер құзыретін үш деңгейде: еліміздің облыс орталықтарында, шағын қалалары мен шалғай жатқан аудандарында дамыту бағдарламасын әзірледі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

252 рет қаралды

Пікір жазу