"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

О.ГАЛБАДРАХ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Дүйсенбі, 31 Қазан 2016 15:33

 

Жерлесiмiӡ - Отгонцецег Галбадрах Абу Дабиде өткен "Grand Slam" халықаралық жарыста 48 келіге дейінгілер арасында жeңiмпаӡ атанып, қоржынына тағы бiр алтын медаль салды.

Қаӡақстандық дӡюдошы бiрiншi айналымда франциялық Коршер Серфораны иппон әдiсiмeн жеңдi. Ал жартылай финалда испандық Фигуеро Юльядан басым болды. Алтын медаль үшiн таласта сербия қыӡы Николс Милисаны жеңдi.

Еске саламыз, Отгон биыл Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қоладан алқа таққан болатын.

Отгонцэцэг Галбадрах 1992 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Халықаралық жарыстарға 2011 жылдан бері қатысып жүр. Бір қызығы спортшы халықаралық арендағы алғашқы ең ірі жеңісіне Астанада жеткен екен. 2014 жылы Астанада өткен әлемдік гран-приде 48 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол Моңғолияда үнемі екінші болып жүрді. Бұл салмақта өз елінде Мункхбатын Уранцэгцэг көшбасшы болды. Уранцэгцэг – әлем, Азия және Азия ойындарының чемпионы. Екеуі кездескенде тәжірибелі қарсыласының мерейі үстем болып жүрді. Сондықтан Отгонцэцэг 2015 жылы Қазақстанның ұсынысын қабыл алды. Галбадрах Қазақстанға келмес бұрын әлемдік рейтингте алғашқы ондықта болған еді. Бірақ біздің елдің азаматтығын алған соң, халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) оның 2013-2015 жылдары жинаған ұпайын түгел жойды. Сондықтан 24 жастағы спортшыға барлығын қайта бастауға тура келді. Басында оңайға соққан жоқ. Астанадағы әлем чемпионатының бастапқы бәсекелерінің бірінде ұтылып қалды. Жанкүйерлер тарапынан көп сын айтылды. Дегенмен 2016 жылды Галбадрах спорттық бабына еніп, бірнеше халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.

Алдымен Парижде өткен «Grand-Slam» турнирінде топ жарды. Олимпиада ойындарының алдында Алматы татамиінен де алтын жүлде еншіледі. Бразилияға барғанша Қазақстан атынан жалпы саны 14 халықаралық жарысқа қатысты. Нәтижесінде олимпиадаға қатысуға қажетті ұпай жинады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

317 рет қаралды

Пікір жазу