"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Дүйсенбі, 31 Қазан 2016 15:44

 

"Шымкент Сити" жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласын дамытуға ҚХР "Tие Жиан" (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда.

 

 

Бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Рашид Аюповпен өткен кездесуде ҚХР "Tие Жиан" компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді.

Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің "Фронт офисінде" ашылған инвесторларға жасалынған шарт-жағдайларға ризашылығын жеткізіп, жұмыс істеу үшін барлық жағдайлардың жасалғанын ерекше атап өтті. Қос тараптың өзара пікірлесуінде компания өкілі Ся Цзямин

Шымкент қаласының болашақ жобасының ауқымдылығына тоқталып, қала іргесінен бой көтеретін ірі кешеннің құрылыс жұмыстарына өз кәсіпорыны тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

"Tие Жиан" темір жол құрылысы компаниясы әлемдегі жол құрылысы саласындағы кәсіпорындар ішінде үздік үштікте, және де әлемдегі 500 брендттің ішінде 79 орынға тұрақтаған ең қуатты, ең ірі кешенді құрылыс тобы. Сонымен қатар "Tие Жиан" "CRCC" компаниясы Қытайдың шетелдерге инвестиция салумен айналысатын бірден бір қуатты құрылыс кәсіпорыны болып табылады.

214 рет қаралды

Пікір жазу