24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ ОҢТҮСТІКТІҢ ӨНЕРКӘСІПТЕРІНДЕ БОЛДЫ

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 16:38

 

 

 

Өңір басшысы Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевпен бірге, холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған бірқатар нысандарда болды.

Жұмысшы топ, ең алдымен, «Асар» шағын ауданына барып, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің қолдауымен бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда шағын ауданда 1496 пәтерден тұратын 5 қабатты 34 үйді 4 мердігер компания салуда. Өз кезегінде, басқарма төрағасы таныстырылған жұмыстарды оң бағалап, құрылысты сапалы әрі уақытылы істейтін мердігер мекемелерді қолдауға әрқашанда дайын екенін жеткізді. 

 

 

Жұмыс сапары барысында Ерболат Асқарбекұлы «Оңтүстік» индустриалды аймағына барып, матор майлары мен майлау материалдарын өндіру зауытының құрылысы жобасын көрді. Басқарма төрағасы ондағы «Бәйтерек» АҚ-ның еншілес компаниялары қаржыландыратын жаңа жобалармен танысып, жұмысына қанық болды.

 

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» кілем фабрикасы да Е.Досаевтың назарынан тыс қалған жоқ. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тауып, қаржыландырылған жоба 2014 жылы іске қосылып, кілем фабрикасымен 1722,6 мың ш.м. кілем мен кілем өнімдері дайындалған. Бүгінгі таңда мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.

Мұнан бөлек, жетекшілік «AzalaTextile» ЖШС-і тоқыма-тігін фабрикасының өндірісімен танысты. Аталған фабрика да холдинг тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолдау алған. «AzalaTextile» ЖШС-нің ерекшелігі сол, мұнда қолданылатын шикізаттардың барлығы отандық.

Бүгінгі таңда компанияның өнімдері Литва, Латвия, Италия мен Германия, Чехия, Ресей, Қытай мен Эстония сынды бірқатар мемлекеттерге экспортталады.

Сапар қорытындысы бойынша басқарма төрағасы аталған өнеркәсіп орындарында өндірілетін өнімдерді шетелдік нарыққа шығару қажеттігіне тоқталып, оны орталықтандыру мақсатында арнайы ғаламтордан сайт ашу керектігін айтты. Бұл өз кезегінде, шетелдік сатып алушыларға оңтайлы жағдай туғызбақ.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

297 рет қаралды

Пікір жазу