23Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СОЗАҚТА ЖЫЛ БАСЫНАН 600-ДЕН АСТАМ БАЛА БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 17:05

 

Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округінде 50 орындық «Алуа»  балабақшасы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші бөбекжай. Осылайша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бала балабақшамен қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызды құрады.

 

 

Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі М.Исаев балалар тәрбиесі әрқашан басты назарда екеніне тоқталып, бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі екенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған нысан кәсіпкердің жеке иелігінде болса да, мемлекеттік тапсырыс бойынша  жұмыс істейтінін жеткізді.

Елу бала тәрбиелетін мектепке дейінгі білім беру ұйымында жергілікті 10 адам жұмыспен қамтылып отыр. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған балабақшада, екі жатын бөлме, асхана, демалыс бөлмесі, медбике  бөлмесі бар.

Айта кетейік, Созақта жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы аясында тағы 5 балабақша ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының мақсаты Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру. Бағдарлама балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтуды және мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ 120 мыңнан астам (2014 ж. – 17,8 мың адам, 2015 ж. – 14,8 мың адам, 2016 ж. – 15,2 мың адам, 2017 ж. – 11,8 мың адам, 2018 ж. – 13 мың адам, 2019 ж. – 18,2 мың адам, 2020 ж. – 37,9 мың адам) адамның жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

208 рет қаралды

Пікір жазу